Күн жаңалықтары
02.03.2026
Жарияланымдар · 8
Президент Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына арналған салтанатты жиын қатысушыларына құттықтау жолдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына арналған салтанатты жиын қатысушыларына құттықтау жолдады7
Қазақстан Үкіметі мен Азия даму банкі $5,5 млрд-қа 15 жаңа жобаны жүзеге асыруға ниетті
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Азия даму банкінің (АДБ) президенті Масато Канда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген стратегиялық бағыттар шеңберінде инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мен инфрақұрылымдық және әлеуметтік маңызы бар жобаларды қаржыландыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Мемлекет басшысы Азия даму банкінің президенті Масато Канданы қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Масато Кандаға ілтипат көрсетіп, АДБ жетекшісі лауазымына кіріскеніне бір жыл болғанымен және банктің алдағы 60 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Мемлекет басшысы Бахрейн Королімен телефон арқылы сөйлесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Хамад бен Иса Әл Халифамен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылап, еліміз қазіргі қиын-қыстау шақта Бахрейн халқына тілектес екенін айтты.
Атырау облысында жыл соңына дейін алты медициналық нысан тапсырылады
Атырау облысында 2026 жылдың соңына дейін алты жаңа денсаулық сақтау нысанын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Құрылыс барысын денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов өңірге жұмыс сапары барысында тексерді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Қазақстанда зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға арналған көмек кабинеттері ашылады
Аталған жаңашылдық 2025 жылғы 30 желтоқсанда Мемлекет басшысы қол қойған «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген. Норма 2026 жылғы 2 наурыздан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Милан–Кортина–2026 қысқы Паралимпиадасының басталуына 4 күн қалды
Биылғы дүбірлі додада Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы пара шаңғы және пара биатлон спорт түрлері бойынша ел намысын қорғайды. Халықаралық аренада Қазақстан атынан 7 спортшы сынға түседі. Олар: Ербол Хамитов, Нұрлан Әлімов, Александр Герлиц, Юрий Березин, Владислав Кобаль, Сергей Усольцев және Анна Грачева, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.
Қазақстан жаңа жобаларға қажет 19 млн тонна көмірді өндіріс қуатын арттыру арқылы қамтамасыз етеді
Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров елдегі ірі көмір өндіруші компанияларымен кеңес өткізді. Жиында Президенттің V Ұлттық құрылтайда тапсырған міндеттерін орындау барысы талқыланды. Кездесудің басты тақырыбы – көмір генерациясын дамытуға арналған жаңа Ұлттық жобаны әзірлеу болды. Жоба 33 млрд тоннадан астам қоры бар көмірді Қазақстан үшін стратегиялық маңызды ресурс ретінде бекітуге бағытталған, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.