Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров елдегі ірі көмір өндіруші компанияларымен кеңес өткізді. Жиында Президенттің V Ұлттық құрылтайда тапсырған міндеттерін орындау барысы талқыланды. Кездесудің басты тақырыбы – көмір генерациясын дамытуға арналған жаңа Ұлттық жобаны әзірлеу болды. Жоба 33 млрд тоннадан астам қоры бар көмірді Қазақстан үшін стратегиялық маңызды ресурс ретінде бекітуге бағытталған, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.