Биылғы дүбірлі додада Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы пара шаңғы және пара биатлон спорт түрлері бойынша ел намысын қорғайды. Халықаралық аренада Қазақстан атынан 7 спортшы сынға түседі. Олар: Ербол Хамитов, Нұрлан Әлімов, Александр Герлиц, Юрий Березин, Владислав Кобаль, Сергей Усольцев және Анна Грачева, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.