Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

03.03.2026

Жарияланымдар · 12

Мемлекет басшысы энергетика министрі Ерлан Ақкенженовті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі отын-энергетика кешенінің жағдайы, негізгі жобаларды жүзеге асыру барысы және секторды одан әрі дамыту жоспары жөнінде есеп берілді.

18:02Мемлекет басшысының қызметі

Қазақстан табиғатты қорғау жөніндегі тұжырымдаманы бекітті

Қазақстан Республикасының Үкіметі биологиялық әртүрлілікті сақтау және оны орнықты пайдалану жөніндегі тұжырымдаманы қабылдады. Бұл – табиғатты қорғау, экожүйелерді қалпына келтіру және биоәртүрлілікті ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын айқындайтын маңызды стратегиялық құжат, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

17:44Президенттің тапсырмалары

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидпен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Сұлтан Хайсам бен Тариқ Әл Саидпен әңгімелесу барысында Таяу Шығыстағы ахуалды талқылап, осынау қиын сәтте бауырлас Оман халқына тілектес екенін жеткізді.

16:40Жаңалықтар

Өңірлерде су тасқыны қаупі бар учаскелерге мониторинг және тасқынға қарсы жұмыстар жүргізілуде

Көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық шаралары жалғасуда. Еліміздің барлық өңірінде су қоймаларын кешенді тексеру, қардың қалыңдығына мониторинг жасау және гидротехникалық нысандардың жай-күйін тексеру арқылы ықтимал су басулардың алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.

14:54Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады

Президентке елдегі криминогендік ахуал туралы және қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы баяндалды.

12:52Мемлекет басшысының қызметі

Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 111 мыңнан астам қызмет алды

2026 жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдардың 111,6 мың тапсырысы орындалды, оның ішінде: шамамен 75,4 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын, 7,2 мың – ымдау тілі қызметін, 23,8 мың – жеке көмекшінің, 5,2 мың – шипажайлық-курорттық емдеу қызметін алды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

11:59Президенттің тапсырмалары

Мемлекет басшысы Болгария Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Илияна Йотованы Болгария Республикасының ұлттық мерекесі – Азат ету күнімен құттықтады.

11:17Мемлекет басшысының қызметі

Цифрландыру жылы – жаңа белестер мен мүмкіндіктер кезеңі: IT-Aiel және AqylTech – жастар мен әйелдерге жол ашқан әлеуметтік серпін

АҢДАТПА!

11:07Баспасөз хабарламалары

Жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен 89 мыңға жуық оқушы орны пайдалануға берілді

Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Осы қаражат есебінен жаңадан білім беру ұйымдарын салу, жаңғырту немесе мектептерге жапсарлас құрылыс салу жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

11:01Жаңалықтар

Қазақстанда 7 халықаралық автомобиль дәлізі қалыптасты – Көлік министрлігі

Қазақстанда 95 мың шақырым автомобиль жолдары бар, оның 25 мың шақырымы Көлік министрлігіне қарайтын республикалық маңызы бар жолдар. Нормативтік жағдайы 94%-ды құрайды. Ал 70 мың шақырымы облыстық және аудандық жолдар жергілікті органдарға қарайды. Оның нормативтік жағдайы 91%. Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысында республиканың автожол саласын дамытудың ағымдағы жағдайы мен жоспарлары туралы баяндады, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.

10:28Жаңалықтар

Ұлан Бекіш ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды

Ұлан Абдилкаилұлы Бекіш Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

09:07Мемлекет басшысының қызметі

Батыс Қазақстан 2027 жылдың соңына дейін Біртұтас электр энергетикалық жүйеге қосылады

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі елдің ұзақмерзімді энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында энергия жүйесін жаңғыртып, жаңа генерациялау қуаттарын іске қосу бағытында кешенді жұмыстар жүргізуде. Ұлттық электр желісінің сенімді әрі тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін «KEGOC» АҚ жаңа қуаттарды енгізуге бағытталған бірқатар ауқымды жоспарлармен үйлестірілген жобаларды жүзеге асырып жатыр, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

09:00Аймақтар жаңалықтары