Күн жаңалықтары
04.03.2026
Жарияланымдар · 11
Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба: 34 жоба жүзеге асыру сатысында
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны (ЭКСЖ) жүзеге асыру бойынша Жобалық кеңсенің отырысы өтті. Қатысушылар жобаларды қаржыландыру, есепке алу құралдарын орнату және цифрлық шешімдерді енгізу, оның ішінде су жабдықтау саласындағы пилоттық жобалар туралы баяндады, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Мемлекет басшысы «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусинді қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның қызметі мен соңғы екі жылда жүзеге асырған негізгі инфрақұрылымдық және технологиялық жобаларының қорытындылары жөнінде баяндалды.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу туралы
АҢДАТПА!
6 760 мектеп мектептегі тамақтануды «Әлеуметтік әмиян» арқылы цифрлық есепке алуға көшті
Қазақстанда 6 760 жалпы білім беретін мектепте оқушыларға берілетін тегін және жеңілдетілген тамақты есепке алу үшін «Әлеуметтік әмиян» цифрлық құралына көшу аяқталды. Жоба 2023 жылдан бастап кезең-кезеңімен іске асырылып келеді, ал мектептегі тамақтану бағыты 2024 жылдан бастап енгізілуде, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Ақордада Қазақстан Президентіне сегіз мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.
Әйелдерге арналған жаңа мамандықтар: Қазақстанда IT-Aiel жобасының жаңартылған маусымы басталды
Қазақстанда әйелдердің цифрлық құзыреттерін арттыруға бағытталған IT-Aiel жобасының жаңа маусымы басталды. Бағдарлама жұмыссыз әйелдерге, көпбалалы аналарға, декреттік демалыстағы әйелдерге, әсіресе, ауылдық өңірлердегі жастарға арналған. Биыл жоба жаңартылған форматта ұсынылып, үш негізгі білім беру блогын қамтиды. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Ұлттық әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі, TechnoWomen үкіметтік емес ұйымының басқарма төрайымы Азиза Шөжеева ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтты.
«Астана Хаб» әйелдерге стартап мәдениетін игеруге қолдау көрсетеді
«Астана Хаб» алаңында 2 мыңнан астам компания тіркелген. Олардың 360-тан астамын әйел азаматтар басқарып отыр. Бұл көрсеткіш жыл сайын артып келеді. Ол – әйелдер белсенділігінің айғағы. Бұл туралы «Астана Хаб» қатысушыларды реттеу кеңсесінің директоры Жансая Қалыбекова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Былтыр «Aqyl Tech» жобасына қатысқан 1600-ден астам жас жұмысқа орналасты
ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, Nazarbayev University вице-президенті Гүлмира Қанай ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге, әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға және әйелдердің цифрлық құзыреттерін арттыруға бағытталған жобалар жайында баяндады.
AqylTech және IT-Aiel жобаларының оқу бағдарламалары өзектендірілді
Бүгінде цифрлық сауаттылық, қаржылық мәдениет және жасанды интеллектіні тиімді қолдану қабілеті әр азаматтың өмір сапасына әсер ететін нақты факторға айналып отыр. Білім тапшылығы қарыздар ме несиелерді басқару, киберқауіпсіздік және жеке деректерді қорғау, сондай-ақ инвестициялар мен цифрлық қаржы құралдары бағыттарында айқын байқалады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.
Газ саласында 25 жаңа перспективалы учаске геологиялық барлауға енгізіледі
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, табиғи газдың ресурстық әлеуетін арттыру мақсатында Энергетика министрлігі «QazaqGaz» ҰК» АҚ-мен бірлесіп кешенді геологиялық барлау бағдарламасын іске асыруда. Бағдарлама саланың шикізаттық базасын нығайтып, елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Қазақстанда 27 мыңнан астам нысан мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделген
Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді орта қалыптастыру мақсатында ағымдағы жылдың басынан бері Қазақстанда әлеуметтік инфрақұрылымның 27 683 нысаны толықтай бейімделді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.