Бүгінде цифрлық сауаттылық, қаржылық мәдениет және жасанды интеллектіні тиімді қолдану қабілеті әр азаматтың өмір сапасына әсер ететін нақты факторға айналып отыр. Білім тапшылығы қарыздар ме несиелерді басқару, киберқауіпсіздік және жеке деректерді қорғау, сондай-ақ инвестициялар мен цифрлық қаржы құралдары бағыттарында айқын байқалады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.