Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

05.03.2026

Жарияланымдар · 10

Қазақстанда «Ерте жастан еңбекке және кәсіпке баулу» пилоттық жобасы іске қосылды

Қазақстанда мектепке дейінгі ұйымдарда «Ерте жастан еңбекке және кәсіпке баулу» пилоттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жоба 2026 жылдың қаңтар айынан бастап ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен іске қосылды. Жобаның негізгі мақсаты – мектеп жасына дейінгі балалардың мамандықтар әлеміне қызығушылығын арттыру, еңбекке деген оң көзқарасын қалыптастыру және түрлі іс-әрекет арқылы олардың жеке қабілеттерін дамыту, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

17:57Жаңалықтар

Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

Премьер-министр Олжас Бектенов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі су тасқыны жағдайымен танысып, мемлекеттік органдар басшылығы және облыс әкімдерінің қатысуымен Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді. Президент қойған міндеттер шеңберінде тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының үздіксіз қызметіне қатысты мәселелер қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

16:11Жаңалықтар

Қазақстан мектептерінде ерекше назарды қажет ететін балаларға педагогикалық сүйемелдеу енгізіледі

Еліміздің барлық мектептерінде ерекше педагогикалық назарды қажет ететін кәмелетке толмағандарға жеке педагогикалық сүйемелдеу енгізіледі. Бұл шара тәуекел тобындағы оқушыларды ерте анықтауға және оларға білім беру ұйымдарында мақсатты психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуге бағытталған, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

15:00Жаңалықтар

Премьер-министр Көкшетауда ЖЭО салу барысын тексерді

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Президенттің энергетикалық қауіпсіздікті нығайту, жаңа қуат көздерін арттыру және өңір инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді. Көкшетау қаласында салынатын стратегиялық маңызы бар жылу электр орталығы (ЖЭО) жобасын жүзеге асыруға ерекше назар аударылды. Аталған нысан Мемлекет басшысы ерекше мән беріп отырған Семей және Өскемен қалаларындағы стансалармен қатар ЖЭО тізбесіне кіреді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

12:30Президенттің тапсырмалары

Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында ауыл шаруашылығында тұрақты оң динамика байқалады

Ауыл шаруашылығындағы қайта өңдеу көлемінің өсуі елдің экспорттық әлеуетінің артуына тікелей әсер етеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша қайта өңделген өнім экспорты 3,6 млрд АҚШ долларын құрап, өткен жылмен салыстырғанда 35%-ға өсті. Жалпы алғанда агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 7 млрд АҚШ долларына жетіп, өткен жылдың көрсеткішінен 37%-ға асты. Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің едәуір өсуі ішкі нарықты толық қамтамасыз етіп қана қоймай, экспорт көлемін де белсенді түрде арттыруға мүмкіндік береді. ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков ОКҚ алаңында осылай деп мәлімдеді.

12:00Жаңалықтар

Астықты терең өңдеу бағытында инвестиция көлемі 1,9 трлн теңгені құрайтын 6 ірі жоба жоспарланған

Елімізде ауыл шаруашылығы саласындағы қайта өңдеудің негізгі бағыттары ретінде астық, май-тоңмай, ет және сүт салалары қалып отыр. Қазір майлы дақылдарды қайта өңдеумен жалпы қуаттылығы 5 млн тоннадан асатын шамамен 90 кәсіпорын айналысады. Соның арқасында Қазақстан өсімдік майы өндірісін едәуір арттырды. 2025 жылы оның көлемі 890 мың тоннаны құрап, өткен жылмен салыстырғанда 17,4%-ға өсті. ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.

11:50Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығының құрылымы өзгеріп, қайта өңдеу кәсіпорындарына қажетті шикізат базасы кеңейтілді

Бүгінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың негізгі драйверлерінің біріне айналуда. Ауыл шаруашылығы шикізаты өндірісін ұлғайтып қана қоймай, оны ел ішінде, оның ішінде терең өңдеу арқылы жоғары қосылған құны бар өнімдерге айналдыруды қамтамасыз ету стратегиялық міндет. Қайта өңдеу жаңа өндірістік тізбектерді қалыптастыруға, өңірлерде жұмыс орындарын ашуға, экспорттық әлеуетті арттыруға және аграрлық экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты Мемлекет басшысы өңделген өнім үлесін 70%-ға дейін жеткізу жөнінде нақты міндет қойды. Бұл туралы ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.

11:40Жаңалықтар

Жыл басынан бері Skills Enbek платформасында 27 мыңнан астам қазақстандық оқытылды

2026 жылдың басынан бері 27,5 мың азамат, оның ішінде 9,9 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында онлайн-курстардан өткені туралы сертификаттар алды. Платформада барлығы 1,2 млн-нан астам қазақстандық, оның 44,7 мыңы ағымдағы жылы тіркелді. Бұл ретте Платформа жұмысының барлық кезеңінде 1,1 мың адам оқудан өтті, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

10:04Жаңалықтар

ӨҚМ бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп, жеңіл өнеркәсіпті дамыту бағдарламасын әзірлеуге кіріседі

Үкіметте ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысы өтті. Онда жеңіл өнеркәсіпті дамыту мәселесі қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

09:05Президенттің тапсырмалары

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Тақ мұрагерімен әңгімелесу барысында Таяу Шығыстағы қақтығыстың ушығуы аймақтық қана емес, жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа орасан қатер төндіретініне назар аударды.

08:00Мемлекет басшысының қызметі