Ауыл шаруашылығындағы қайта өңдеу көлемінің өсуі елдің экспорттық әлеуетінің артуына тікелей әсер етеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша қайта өңделген өнім экспорты 3,6 млрд АҚШ долларын құрап, өткен жылмен салыстырғанда 35%-ға өсті. Жалпы алғанда агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 7 млрд АҚШ долларына жетіп, өткен жылдың көрсеткішінен 37%-ға асты. Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің едәуір өсуі ішкі нарықты толық қамтамасыз етіп қана қоймай, экспорт көлемін де белсенді түрде арттыруға мүмкіндік береді. ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков ОКҚ алаңында осылай деп мәлімдеді.