Қазақстанда мектепке дейінгі ұйымдарда «Ерте жастан еңбекке және кәсіпке баулу» пилоттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жоба 2026 жылдың қаңтар айынан бастап ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен іске қосылды. Жобаның негізгі мақсаты – мектеп жасына дейінгі балалардың мамандықтар әлеміне қызығушылығын арттыру, еңбекке деген оң көзқарасын қалыптастыру және түрлі іс-әрекет арқылы олардың жеке қабілеттерін дамыту, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.