«Астана Хаб» алаңында 2 мыңнан астам компания тіркелген. Олардың 360-тан астамын әйел азаматтар басқарып отыр. Бұл көрсеткіш жыл сайын артып келеді. Ол – әйелдер белсенділігінің айғағы. Бұл туралы «Астана Хаб» қатысушыларды реттеу кеңсесінің директоры Жансая Қалыбекова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.