Қазақстанда 6 760 жалпы білім беретін мектепте оқушыларға берілетін тегін және жеңілдетілген тамақты есепке алу үшін «Әлеуметтік әмиян» цифрлық құралына көшу аяқталды. Жоба 2023 жылдан бастап кезең-кезеңімен іске асырылып келеді, ал мектептегі тамақтану бағыты 2024 жылдан бастап енгізілуде, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.