Күн жаңалықтары
15.03.2026
Жарияланымдар · 32
Референдумда қазақстандықтардың 37,54%-ы дауыс берді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді
Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдумға қатысып, Оқушылар сарайында орналасқан № 51 референдум учаскесінде дауыс берді.
ТМД байқаушылары Қазақстандағы референдум барысында ескертулер тіркеген жоқ
ТМД Парламентаралық Ассамблеясы халықаралық байқаушылары Қазақстандағы жаңа Конституция бойынша республикалық референдумды бақылау жұмысын оның өткізілуіне дейін әлдеқайда бұрын бастаған. Атап айтқанда, сарапшылар елдегі электоралдық процестерді реттейтін нормативтік құжаттарды зерттеді. Бұл туралы ТМД Парламентаралық Ассамблеясы кеңесі хатшылығының басшысы, бас хатшысы Дмитрий Кобицкий «Референдум – 2026» онлайн-марафоны барысында ОКҚ алаңында өткен брифингте мәлімдеді.
Барлығы ашық әрі әділ өтуде – халықаралық байқаушы референдумда дауыс беру туралы
«Референдум-2026» онлайн-марафоны барысында Зияфет Аббас Оглу Аскеров – Әзербайжан Республикасы Милли Мәжілісі төрағасының орынбасары, ТМД Парламентаралық Ассамблеясы (ТМД ПАА) атынан халықаралық байқаушылар тобының үйлестірушісі – дауыс беру үдерісінің халықаралық стандарттарға сәйкестігі туралы айтып, сайлаушылар белсенділігін бағалады.
ШЫҰ байқаушылар миссиясы референдумның ұйымдастырылуын жоғары бағалады
Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) Бас хатшысының орынбасары Олег Копылов бүгін «Референдум – 2026» онлайн-марафоны аясында жұмыс істеп жатқан ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында дауыс беру үдерісінің ұйымдастырылуына баға берді.
Референдумда қазақстандықтардың 19,21%-ы дауыс берді
Референдум бір байыппен өтіп жатыр: жағдай ішкі істер органдарының бақылауында
Бүгін Қазақстанның барлық аумағында ішкі істер органдарының қызметкерлері жаңа Конституция бойынша республикалық референдумның қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуде. Барлық жеке құрам қызмет атқарудың күшейтілген режиміне көшірілді. Басшылық және командалық құрам үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев ОКҚ алаңында өтіп жатқан «Референдум – 2026» онлайн-марафонында хабарлады.
Референдум күні үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынған
Прокуратура органдары республикалық референдумды өткізу барысында заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды қамтамасыз етеді. ҚР Бас прокуратурасы Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басқармасының басшысы Бекжан Қараманов ОКҚ алаңында өтіп жатқан «Референдум – 2026» онлайн марафонында дауыс беру күні үгіт-насихатқа тыйым салынатынын атап өтті.
14 мыңнан астам қазақстандық шетелде дауыс береді
Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау бойынша референдум кезінде 54 елде орналасқан 71 референдум учаскесі жұмыс істейді. Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов «Референдум – 2026» онлайн марафонында хабарлады.
Қазақстанда жаңа Конституция бойынша республикалық референдум өтіп жатыр
Орталық референдум комиссиясының хабарлауынша, 2026 жылғы 15 наурызда сағат 7.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде барлық 10 388 учаске дауыс беруге кірісті.
Бүгін елордада «Референдум – 2026» онлайн марафоны өтеді
Отандық телеарналар, басылымдар мен ақпараттық агенттіктердің интернет ресурстары мен әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсетілетін шара 09:00-де басталып, түнгі 01:00-ге дейін жалғасады.