Күн жаңалықтары
16.03.2026
Жарияланымдар · 20
Мемлекет басшысына республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы бойынша референдумның өтуіне орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына құттықтау жеделхаттарын жолдады.
Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті
Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстандағы жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады.
Жұмысшы мамандықтар қызметіндегі жасанды интеллект
Қазақстанның техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің оқу үдерісінде жасанды интеллект құралдары белсенді қолданылады. Колледждердің заманауи шеберханалары мен зертханалары цифрлық технологиялармен толықтырылады, бұл педагогтің жұмыс сипатын өзгертіп, кадрлар даярлау үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Астанада 1–3 қазан күндері AI & Digital Bridge 2026 халықаралық IT-форумы өтеді
Биыл 1–3 қазан аралығында елорда Орталық Еуразиядағы ең ірі технологиялық оқиға – AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумының алаңына айналады. Бұрын Digital Bridge атауымен белгілі болған форум жаңартылған форматта өткізіліп, Қазақстанның жасанды интеллект пен цифрлық экономиканы дамытуға бағытталған басымдықтарын айқын көрсетеді, деп хабарлайды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.
Президент туристік саланы және балалар спортын қолдау мәселелері бойынша заңға қол қойды
Президент кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
Наурызнама-2026: Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні аясында Ақтөбеде 24 сағаттық жыр кеші өтуде
Ақтөбе қаласында «Наурызнама» онкүндігінің Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні аясында «Жыраулар жолымен…» атты 24 сағаттық жыр кеші өтіп жатыр, деп хабарлайды Ақтөбе облысының әкімдігі.
Қазақстанда республикалық референдум күні 585 бала дүниеге келді
2026 жылғы 15 наурызда, республикалық референдум өткен күні, елдің медициналық ұйымдарында 585 нәресте дүниеге келді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Референдум нәтижелері Қазақстан халқының өз елінің конституциялық болашағын қалыптастыруға белсенді қатысып отырғанын көрсетеді – ИЫҰ бақылаушылары
Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында Ислам ынтымақтастығы ұйымы Бас хатшылығының Азия басқармасының басшысы Имран Садихов байқау нәтижелерімен бөлісті.
ТМҰ бақылаушылары: референдум ашық әрі заңға сай өтті
Референдум күні Түркі мемлекеттері ұйымы миссиясы үш топқа бөлініп, Астана қаласындағы 31 дауыс беру учаскесінде мониторинг жүргізді. Бұл туралы Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында ұйымның Бас хатшысының орынбасары Омер Коджаман мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Әңгімелесу барысында Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы бойынша референдумның табысты өтуімен құттықтады.
ҚР Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады
Алынған мәліметтерге сәйкес, референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 12 миллион 482 мың 613 адамды құрады.
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында Шанхай ынтымақтастық ұйымы миссиясының басшысы, Бас хатшысының орынбасары Олег Копылов 2026 жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдумды дайындау және өткізу барысын бақылау нәтижелері туралы хабардар етті. Оның айтуынша, миссия құрамында ШЫҰ-ға мүше 7 мемлекеттен аккредиттелген 17 бақылаушы жұмыс істеді.
ТүркПА байқаушылары: референдум нәтижесіне әсер етуі мүмкін заң бұзушылықтар анықталған жоқ
Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік ассамблеясының байқаушылар құрамына кіретін Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының мүшесі Осман Местен миссия мүшелері Астана, Алматы және Түркістан қалаларындағы 115 сайлау учаскесіне барғанын айтты.
Мәдениет ұрпақтарды біріктіреді
Наурызнама онкүндігі аясында 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні атап өтіледі. Бұл күн халықтың болмысын, дүниетанымын және құндылықтар жүйесін қалыптастыратын басты күш – мәдениет екенін еске салады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум барысында жүргізілген экзит-полл қорытындысымен танысты
«Қазмедиа орталығының» студиясында экзит-полл нәтижелері таныстырылғаннан кейін Мемлекет басшысы мәлімдеме жасады.
Мемлекет басшысы референдумға белсене қатысқан жастармен әңгімелесті
Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазмедиа» орталығында республикалық референдум аясындағы үгіт-насихат науқанына белсенді қатысқан жастармен кездесті.
«AMANAT» партиясының Қоғамдық саясат институты жүргізген экзитпол нәтижелері
Зерттеу барысында ел бойынша 200 учаскеде дауыс берген 24 мың азамат қамтылды.
«Социс-А» Қазақстандағы жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумдағы экзитпол нәтижелерін жариялады
«Социс-А» мамандары 2026 жылғы 15 наурызда ҚР жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдум өткен күні, дауыс беру учаскелерінен шыққан азаматтар арасында exit poll әдістемесі арқылы азаматтардың ерік білдіруінің алдын ала нәтижелерін есептеді.
Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдум: Еуразиялық интеграция институты жүргізген экзитпол нәтижелері жарияланды
Еуразиялық интеграция институты Қазақстанның 17 облысында, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында референдум учаскелерінен шыққан азаматтар арасында экзитпол сауалнамасын жүргізді.