Қазақстанның техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің оқу үдерісінде жасанды интеллект құралдары белсенді қолданылады. Колледждердің заманауи шеберханалары мен зертханалары цифрлық технологиялармен толықтырылады, бұл педагогтің жұмыс сипатын өзгертіп, кадрлар даярлау үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.