Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

17.03.2026

Жарияланымдар · 13

Мемлекет басшысы Франция Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Француз тарапының бастамасы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Эмманюэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті.

18:20Жаңалықтар

Президент жаңа Конституцияны іске асыру жөнінде жұмыс кеңесін өткізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен биыл 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру мәселесі жөнінде жұмыс кеңесі өтті.

18:07Жаңалықтар

Түркістанда «Ақ орамал» республикалық акциясы өтті

17 наурыз – Шаңырақ күні мерекесіне орай Түркістан қаласында «Ақ орамал» республикалық акциясы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, отбасылық дәстүрлерді жаңғырту және ананың қоғамдағы мәртебесін ұлықтау, деп хабарлайды Түркістан облысының әкімдігі.

17:48Аймақтар жаңалықтары

Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

Шахбаз Шариф Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау бойынша республикалық референдумның табысты өтуімен құттықтады.

16:48Мемлекет басшысының қызметі

Талғар ауданында буллинг пен құқық бұзушылық азайды: «Заң мен тәртіп» жобасы республика деңгейінде кеңінен таралады

Алматы облысы Талғар ауданының мектептері мен колледждерінде «Заң мен тәртіп» пилоттық жобасы аясында білім алушылар арасындағы тәуекел факторларының азайғаны тіркелді. Аралық мониторинг қорытындысы оң динамика көрсетті. Жобаның тиімділігін ескере отырып, оны бүкіл республика бойынша кеңінен енгізу жоспарлануда, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

15:53Президенттің тапсырмалары

Президент «2026 жылғы 15 наурызда қабылданған ҚР Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды

15:02Мемлекет басшысының қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиынға қатысты

14:52Мемлекет басшысының қызметі

Қазақстанда Digital Nauryz аясында жасанды интеллект бойынша ашық оқыту іс-шаралары өтеді

2026 жылғы 17-18 наурыз күндері Наурызнама онкүндігі аясында еліміздің барлық өңірлерінде жасанды интеллекттің мүмкіндіктеріне арналған ашық оқыту іс-шаралары өткізіледі. Бұл бастама «Digital Nauryz» мерекесіне және Цифрландыру және жасанды интеллект жылына орай ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.

11:36Президенттің тапсырмалары

Аралық қорытындылар: 67 мың адам наурыз ҰБТ-сын тапсырды

2026 жылғы 2 наурызда басталған ҰБТ-ның алғашқы екі аптасында 67 мыңнан астам талапкер тестілеуден өтті. Талапкерлердің 66,99%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 32,88%-ы орыс тілінде және 85 адам ағылшын тілінде тапсырды. Екі апталық тестілеу қорытындысы бойынша талапкерлердің 61%-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл 59 балды құрады. Ең жоғары нәтиже –136 балл, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.

10:45Жаңалықтар

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау: су тасқыны кезеңінің тұрақты өтуін қамтамасыз ету

АҢДАТПА!

10:30Баспасөз хабарламалары

2026 жылы 46,9 мыңнан астам адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылды

2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 46,9 мың адам қамтылды, 39,9 мың қазақстандық жұмысқа орналастырылды. Субсидияланатын жұмыс орындарына 20,3 мың адам жұмысқа орналасты, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарында 1,6 мың адам, жастар практикасында 894 адам, қоғамдық жұмыстарда 16,5 мың адам, «Күміс жас» жобасы аясында 1,2 мың адам жұмыспен қамтылды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

09:32Жаңалықтар

Орталық референдум комиссиясы: жаңа Конституция қабылданды

09:18Президенттің тапсырмалары

Берік шаңырақ – әр отбасының бақыты, ел берекесінің негізі

Наурызнама онкүндігінің бүгінгі күні отбасылық құндылықтарға арналған. Қазақ халқы үшін отбасы – тірек, дәстүр мен тәрбиенің алтын бесігі. Әр адам өмірдегі алғашқы қадамын да, үлкенді құрметтеуді, жақынға қамқор болуды осы шаңырақта үйренеді.

09:00Жаңалықтар