2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 46,9 мың адам қамтылды, 39,9 мың қазақстандық жұмысқа орналастырылды. Субсидияланатын жұмыс орындарына 20,3 мың адам жұмысқа орналасты, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарында 1,6 мың адам, жастар практикасында 894 адам, қоғамдық жұмыстарда 16,5 мың адам, «Күміс жас» жобасы аясында 1,2 мың адам жұмыспен қамтылды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.