Бүгін Қазақстанның барлық аумағында ішкі істер органдарының қызметкерлері жаңа Конституция бойынша республикалық референдумның қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуде. Барлық жеке құрам қызмет атқарудың күшейтілген режиміне көшірілді. Басшылық және командалық құрам үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев ОКҚ алаңында өтіп жатқан «Референдум – 2026» онлайн-марафонында хабарлады.