Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

15.03.2026

Жарияланымдар · 32

Полиция қызметкерлері бюллетеньдер мен хаттамаларды комиссияларға қауіпсіз жеткізуді қамтамасыз етеді

ҚР Бас прокуратурасы Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басқармасының басшысы Бекжан Қараманов «Референдум – 2026» онлайн марафоны аясында ОКҚ алаңында өткен брифингте референдум барысы жайлы есеп берді. Оның айтуынша, дауыс беру тұрақты жағдайда өтті. Референдум комиссиясы тарапынан қандай да бір бұзушылықтар тіркелмеді. Тек заңсыз сауал салу мен үгіт жүргізген бір азаматқа ғана айыппұл тағылды.

21:18ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Референдумда қазақстандықтардың 73,24%-ы дауыс берді

Орталық референдум комиссиясы Қазақстан Республикасындағы барлық референдум учаскелерінде дауыс беру аяқталғанын хабарлайды. Учаскелік комиссиялар дауыстарды санауға кірісті. Қолданыстағы заңдар нормаларына сәйкес референдум учаскелерiнде дауыстарды санау уақыты дауыстарды санау басталған сәттен бастап, он екі сағаттан аспауға тиiс.

20:38Жаңалықтар

Шетелдік сарапшы жаңа Конституция бойынша референдум ұзақ мерзімді саралы саясаттың нәтижесі екенін айтты

ОКҚ алаңында өтіп жатқан «Референдум – 2026» онлайн марафонына қатысып, пікір білдіргендердің қатарында International Tax and Investment халықаралық сарапшысы Уэсли Александр Хилл бар. Шетелдік маман 1993 жылдан бері Орталық Азия мемлекеттерінде жұмыс істеп келе жатыр. Сол себепті ол өңірдің реформалары жайлы толықтай хабардар екенін жеткізді.

19:39Жаңалықтар

Шетелдегі азаматтардың дауыс беруі туралы: ҚР СІМ сағат 19.00-дегі жағдай бойынша мәліметтерді ұсынды

ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетовтің хабарлауынша, референдумда 54 елде орналасқан 71 референдум учаскесі жұмыс атқаруда.

19:30Жаңалықтар

«Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясының мамандары барлық дауыс беру учаскелерінде жұмыс істеп жатыр

Елімізде өтіп жатқан үлкен тарихи науқан – референдумға дайындық аясында ел азаматтары арасында байқаушылар іріктеліп алынды.

19:23Жаңалықтар

Референдум өте жақсы ұйымдастырылды – Италиялық Азия институтының басшысы

Италиялық Азия институтының басшысы (Италия) Пальмиери Доменико Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында Орталық референдум комиссиясының жұмысына тоқталды. Ол референдумның өте жақсы ұйымдастырылғанын атап өтті.

18:34ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Адамдар жүрек қалауымен келді – ҰҚШҰ ПА байқаушылары

Республикалық референдумға дайындық пен оны өткізу барысын бақылау туралы айта келе, Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысы Кеңесінің халықаралық істер және ұлттық қауіпсіздік жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі Александр Горошкин ауқымды жұмыс атқарылғанын атап өтті.

18:24Жаңалықтар

Референдумда қазақстандықтардың 70,98%-ы дауыс берді

18:14Жаңалықтар

Халықаралық ұйымдардың байқаушылары: алғаш рет дауыс бергендер саны көп

АҚШ, салық және инвестициялар жөніндегі Халықаралық орталықтың (АҚШ) өкілі Уэсли Александер Хилл референдум барысын бақылау үшін әдейі ауылдық елді мекендерді таңдағанын айтты. Байқаушы сайлау учаскелері қызметкерлерінің дайындығы жоғары деңгейде екеніне, сондай-ақ азаматтық қоғам мен саяси партия өкілдерінің белсенділігіне ерекше назар аударды.

17:34Жаңалықтар

Республикалық референдум оқыс оқиғасыз тұрақты түрде өтіп жатыр – ҚР Бас прокуратурасы

Республикалық референдум оқыс оқиғасыз тұрақты түрде өтуде. Тек Қарағанды облысында бір азамат онлайн платформада қоғамдық пікірге заңсыз сауал салып, үгіт жүргізді. Ол заңсыз жазбаларын өшіріп, кінәсін мойындады. Сондықтан оған қысқартылған тәртіппен айыппұл салынды. Бұл туралы ҚР Бас gрокуратурасы Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басқармасының басшысы Бекжан Қараманов «Референдум – 2026» онлайн марафоны аясында ОКҚ алаңында өткен брифингте хабарлады.

17:29Жаңалықтар

Қазақстан жастары электоралдық науқанға белсенді қатысуда – ТМД бақылаушылар миссиясының басшысы

Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында Игорь Петришенко ТМД миссиясы Қазақстанда 19-рет бақылау жүргізіп отырғанын айтты. Қазіргі таңда 161 халықаралық байқаушы аккредиттелген. Бақылау Қазақстанның 9 өңірінде және шетелдегі 12 мемлекетте жүргізіліп жатыр. Байқаушылар 520-дан астам сайлау учаскесіне барған.

16:59Жаңалықтар

Қазақстаннан үйренуге болады – ТМД ПАА байқаушылары референдумның ұйымдастырылуы туралы

Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында ТМД Парламентаралық ассамблеясының байқаушылары өз пікірлерін білдірді.

16:24Жаңалықтар

Қазақстан – қуатты түркітілдес мемлекеттерінің бірі

Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында ТМҰ Бас хатшысының орынбасары Омер Коджаман өз пікірін білдірді.

16:17ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Референдумда қазақстандықтардың 64,43%-ы дауыс берді

16:13Жаңалықтар

Халықаралық байқаушы: жаңа Конституция Қазақстанға елеулі саяси өзгерістер әкеледі

Қазақстанның жаңа Конституциясы бойынша республикалық референдумға келген халықаралық байқаушылар құжат мәтінімен толық танысып, ол ел дамуына сүбелі үлес қосады деген пікірге келді. ТүркПА Құқықтық мәселелер және халықаралық байланыстар комиссиясының төрағасы, Түркия Ұлы ұлттық Мәжілісінің депутаты, өкілдік басшысы Осман Местен «Референдум –2026» онлайн марафоны аясында өткен ОКҚ баспасөз конференциясында өз ойларын жеткізді.

15:24Жаңалықтар

Халықаралық байқаушы: Қазақстан халқы референдум барысында ерекше ықыласпен дауыс беріп жатыр

Еліміздің жаңа Конституциясын қабылдау бойынша республикалық референдумға Түркі мемлекеттері ұйымының өкілдері байқаушы ретінде қатысты. Ұйымның бас хатшысының орынбасары Омер Коджаман «Референдум – 2026» онлайн марафоны аясында ОКҚ алаңында өткен брифингте сөз сөйлеп, дауыс беру процесінің қалай өтіп жатқаны жайлы пікірін білдірді.

15:21ОКҚ баспасөз іс-шаралары

ТүркПА байқаушылары: Қазақстан халқы белсенді дауыс беруде

Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік ассамблеясының байқаушылары Астана, Алматы және Түркістан қалаларындағы 45 сайлау учаскесіне барды.

14:51Жаңалықтар

Қазақстанда дауыс берушілер үшін барлық мүмкіндік жасалған – ШЫҰ байқаушылары

Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) Бас хатшысының орынбасары, миссия басшысы Олег Копылов Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау бойынша өтіп жатқан республикалық референдумға дайындық пен дауыс беру процесін байқау барысында дауыс берушілер үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті. Оның айтуынша, мүгедектігі бар адамдардың дауыс беруіне де қажетті мүмкіндіктер қарастырылған.

14:39Жаңалықтар

Референдумда қазақстандықтардың 51,93%-ы дауыс берді

14:12Жаңалықтар

ҚР ІІМ: дауыс беру учаскелерінде тәртіп бұзушылықтар тіркелген жоқ

Осы сағатта жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс беру процесі қалыпты жағдайда өтіп жатыр. Қазіргі таңда прокуратура органдарына референдумның өтуіне қатысты өтініштер түскен жоқ. Сот органдарына да талап-арыздар енгізілмеді. Бүгін заңсыз сауал салу және үгіт жүргізу үшін ешкім жауапқа тартылған жоқ. Бұл жайында ҚР Бас прокуратурасы Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басқармасының басшысы Бекжан Қараманов «Референдум – 2026» онлайн марафоны аясында ОКҚ алаңында өтіп жатқан брифингте айтты.

13:22ОКҚ баспасөз іс-шаралары