ҚР Бас прокуратурасы Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басқармасының басшысы Бекжан Қараманов «Референдум – 2026» онлайн марафоны аясында ОКҚ алаңында өткен брифингте референдум барысы жайлы есеп берді. Оның айтуынша, дауыс беру тұрақты жағдайда өтті. Референдум комиссиясы тарапынан қандай да бір бұзушылықтар тіркелмеді. Тек заңсыз сауал салу мен үгіт жүргізген бір азаматқа ғана айыппұл тағылды.