Күн жаңалықтары
20.03.2026
Жарияланымдар · 11
Президенттің атына Ораза айт мерекесіне орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына барша мұсылман қауымы үшін қасиетті саналатын Ораза айтқа орай шет мемлекеттердің басшыларынан және халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау жеделхаттары келді.
Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Әңгімелесу барысында Ресей Президенті Мемлекет басшысын Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау бойынша жалпыұлттық референдумның табысты өтуімен құттықтады.
Жыл басынан бері көліктегі полицейлер 211 мыңнан астам туристік карта таратқан
«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында Астана қаласының халықаралық әуежайында шетелдік азаматтарды ақпараттандыруға бағытталған акция өткізілді. Іс-шара барысында Омбы – Астана әуе рейсімен келген туристерге QR-коды бар туристік карталар таратылды, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігі.
Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа қаланың әлеуметтік-экономикалық ахуалы және негізгі даму бағыттарының іске асырылуы туралы баяндалды.
Биология және физика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі басталды
Астанада жаратылыстану-математикалық бағыттағы биология және физика пәндері бойынша жалпы білім беретін пәндерден 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі басталды. Бұл кезеңге республика өңірлерінен 311 оқушы қатысады, биология пәні бойынша – 153 қатысушы; физика пәні бойынша – 158 қатысушы, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
«Таза Қазақстан»: 1,6 млрд ағаш отырғызылды, 1 млн гектардан астам алқапта мелиорациялық орман жұмыстары жүргізілді
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру барысына мониторинг жүргізу орталығының отырысын өткізді. Онда көгалдандыру, оның ішінде орман алқаптарын құру, өңірлерде экологиялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.
Қызылорда облысында жылына 3,5 мың тонна өнім өндіретін құс фабрикасы іске қосылады
Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында «Абдулла» шаруа қожалығының заманауи құс фабрикасын салу бойынша инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Кәсіпорын жылына 3,5 мың тоннаға дейін құс етін өндіруге бағытталады, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Еліміздің барлық мектептерінде «Ұлттық ойындар керуені» республикалық акциясы өтеді
Бүгін еліміздің барлық мектептерінде Наурыз мерекесіне орай «Ұлттық ойындар керуені» атты республикалық мектеп акциясы ұйымдастырылады. Іс-шараға 1–11 сынып оқушылары, педагогтер және ата-аналар қауымдастығының өкілдері қатысады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Әр қимылда – дәстүрдің күші
Наурызнама аясында 20 наурыз – Ұлттық спорт күні. Ұлттық спорт тек күш пен төзімділікті сынамайды. Ол – халықтың өмір салты мен болмысын, танымы мен рухын танытатын құндылық.