Астанада жаратылыстану-математикалық бағыттағы биология және физика пәндері бойынша жалпы білім беретін пәндерден 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі басталды. Бұл кезеңге республика өңірлерінен 311 оқушы қатысады, биология пәні бойынша – 153 қатысушы; физика пәні бойынша – 158 қатысушы, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.