Күн жаңалықтары
19.03.2026
Жарияланымдар · 16
Мемлекет басшысы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ғылыми қоғамдастықпен кездесті
Президент ғылыми қауым алдында сөйлеген сөзінде бүгінде түрлі мемлекеттер арасында технологиясы озық ел болу үшін қарқынды күрес жүріп жатқанын атап өтті.
Премьер-министр денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша кеңес өткізді
Премьер-министр Олжас Бектенов конституциялық реформа аясында және Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында қойған міндеттеріне сәйкес, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Қазақстанда пойыздарда спутниктік интернетті енгізу кеңейіп келеді
Қазіргі таңда Қазақстанда жолаушылар пойыздарына жоғары жылдамдықты интернетті енгізу жұмыстары жалғасуда. Бұл жоба спутниктік технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылып жатыр. Бастама еліміздегі «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» мен «Digital Наурыз» іс-шараларының аясында қолға алынды, деп хабарлайды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.
«Келешек мектептерінде» балаларды оқыту мен жан-жақты дамытуға жағдай жасалды
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында буллингтің алдын алуға және қауіпсіз орта қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде. Ғимараттарда бастауыш және жоғары сынып оқушыларын бөлек аймақтарда орналастыру қарастырылған, бұл білім алушылардың жайлы әрі қауіпсіз жағдайда болуын қамтамасыз етеді. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін жеке санитарлық бөлмелері бар кең кабинеттер бөлінген. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов мәлімдеді.
«Келешек мектептері»: Қазақстанда жаңа форматтағы 217 мектеп салынды
2024–2025 жылдары «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 460 мың оқушы орнына арналған жаңа форматтағы 217 мектеп салынды. Оның ішінде 105 мектеп 2024 жылы, 112 мектеп 2025 жылы пайдалануға берілді. Жобаны іске асыру нәтижесінде 52 үш ауысымды және 12 апатты мектеп мәселесі шешіліп, 100-ден астам мектептегі орын тапшылығы қысқартылды. Барлық нысан бірыңғай стандарт бойынша салынған және қалаларда да, шалғай елді мекендерде де балаларға бірдей жоғары деңгейдегі білім алу жағдайын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, 87 мектеп немесе 40%-ы ауылдарда салынды, бұл сапалы білімнің қолжетімділігін арттырып, қала мен ауыл арасындағы инфрақұрылымдық алшақтықты азайтты. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов мәлімдеді.
«Келешек мектептері» жобасы аясында салынған мектептерді басқару екі деңгейде іске асады
Мемлекет басшысы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында тек білім беру инфрақұрылымымен шектелмей, оларды тиімді басқару жүйесі және сапалы мазмұнмен қамтамасыз ету қажеттілігін атап өткен. Қазір 183 мектепте оқу процесі ұйымдастырылған. Мұнда 218 мыңға жуық оқушы білім алуда, ал 17 мыңға жуық педагог еңбек етіп жүр. ҚР оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.
Мемлекет басшысы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапары аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми әлеуетімен танысты.
Платформалар арқылы жұмыс істейтін қазақстандықтардың саны 369 мың адамға жетті – ҚР ҚМ МКК
Заңнамаға платформалық жұмыспен қамтуды дамыту және интернет-платформалар арқылы жұмыс істейтін азаматтардың табысын заңдастыру мақсатында өзгерістер енгізілді. Осылайша, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Салық кодексінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін, оның ішінде интернет-платформаларда жұмыс істейтіндерге арналған арнайы салық режимі енгізілді. Қазіргі таңда 33 платформамен интеграция жүргізілген, оның ішінде 27-сі салық агенті функцияларын атқарады, тағы төртеуі тестілеу кезеңінде. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметов мәлімдеді.
МКК көлеңкелі экономикамен күресу үшін тиісті цифрлық құралдар енгізуде
Салықтық бақылауды күшейту мақсатында «Пирамида» атты аналитикалық есеп енгізілді. Ол ҚҚС бойынша жеткізу тізбектерін 15 деңгейге дейін талдауға мүмкіндік береді. Бұл құрал ЭШФ деректері, салықтық есептілік және басқа да ақпараттық жүйелер негізінде қалыптастырылады және сенімсіз жеткізушілер мен салықтан жалтару схемаларын анықтау үшін қолданылады. Сонымен қатар, ЭШФ жүйесіне биометриялық сәйкестендіру енгізілді, бұл жалған тіркеу мен электрондық шот-фактураларды рәсімдеу әрекеттерінің жолын кесуге мүмкіндік береді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметов мәлімдеді.
2026 жылғы салықтық өзгерістер: тексеру мерзімдері қысқартылып, ҚҚС қайтару жеделдетілді
Қазақстанда жыл басынан бері салықтық тексерудің бірыңғай форматы енгізілді, салық жүктемесі коэффициентінің көрсеткіші белгіленді, тексерулерді цифрландыру жүзеге асырылды, сондай-ақ ҚҚС-ты қайтарудың жеңілдетілген тәртібі кеңейтілді. Осы және салықтық әкімшілендірудегі өзге де жаңашылдықтар туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Салық кодексінде кәсіпкерлердің жүктемесін азайтып, қолдау көрсетуге бағытталған нормалар қамтылды
Салық кодексінде микро және шағын бизнеске әкімшілік жүктемені төмендетуге ерекше назар аударылды. Үкіметтің макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және бизнеске түсетін жүктемені азайту жөніндегі шешімдері аясында Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңдер бойынша салық міндеттемелеріне қатысты камералдық бақылау мен салықтық тексерулерді жекелеген жағдайларды қоспағанда жүргізбейді. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.
МКК салықтық әкімшілендіруді цифрландыру нәтижелерімен бөлісті
Салық кодексінде қамтылған негізгі бағыттардың бірі – салықтық әкімшілендіруді цифрландыру. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Мемлекеттік кірістер комитетінің барлық ақпараттық жүйесіне IT-аудит жүргізілді. Оның нәтижесінде МКК жаңа ақпараттық архитектурасын жасады: 14 жүйенің орнына 5 жүйе қалды – SDF, СӘИЖ, ТБЖ, ЭШФ, Кеден (АСТАНА-1). Үш жаңа жүйені (СӘИЖ, SDF, Кеден (АСТАНА-1)) енгізу микросервистік архитектураға көшуге, бизнес-процестерді тиімділігін арттыруға және үлкен деректерді өңдеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Елімізде салықтық әкімшілендірудің жаңа моделі енгізілді
2026 жылдан бастап Салық кодексіне Қазақстанда салықтық әкімшілендірудің заманауи моделін қалыптастыруға бағытталған өзгерістер енгізілді. Реформаның негізгі мақсаты – экономиканың ашықтығын арттыру, көлеңкелі айналымды азайту және адал бизнеске әкімшілік жүктемені төмендету. Жаңа Салық кодексі шеңберінде салық базасын төмендету мен салық төлемеу тәуекелдерінің алдын алуға бағытталған құқықтық және бақылау тетіктерінің кешені қалыптастырылды. Бұл жайлы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтып берді.
Алматы облысында 7 агроинвестициялық жоба іске асады
Биыл Алматы облысында агроөнеркәсіптік кешен саласында 7 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Жобалардың жалпы құны – 44,6 млрд теңге. Жобалар ауыл шаруашылығы өндірісін кеңейтуге, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған. Аталған жобаларды іске асыру агроөнеркәсіптік салаға инвестициялар тартуға, қайта өңдеу өнеркәсібін дамытуға және ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Еліміздің балабақшалары мен колледждерінде дау-дамайларды реттейтін медиация қызметтері құрылады
ҚР Оқу-ағарту министрлігі барлық мектепке дейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында медиация жүйесін іске қосуда. Бұл бастама балалар, студенттер, педагогтер мен ата-аналар арасындағы түсініспеушіліктерді бейбіт жолмен шешуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жаңа құрылым буллингтің алдын алуға бағытталады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.