Заңнамаға платформалық жұмыспен қамтуды дамыту және интернет-платформалар арқылы жұмыс істейтін азаматтардың табысын заңдастыру мақсатында өзгерістер енгізілді. Осылайша, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Салық кодексінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін, оның ішінде интернет-платформаларда жұмыс істейтіндерге арналған арнайы салық режимі енгізілді. Қазіргі таңда 33 платформамен интеграция жүргізілген, оның ішінде 27-сі салық агенті функцияларын атқарады, тағы төртеуі тестілеу кезеңінде. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметов мәлімдеді.