Салық кодексінде қамтылған негізгі бағыттардың бірі – салықтық әкімшілендіруді цифрландыру. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Мемлекеттік кірістер комитетінің барлық ақпараттық жүйесіне IT-аудит жүргізілді. Оның нәтижесінде МКК жаңа ақпараттық архитектурасын жасады: 14 жүйенің орнына 5 жүйе қалды – SDF, СӘИЖ, ТБЖ, ЭШФ, Кеден (АСТАНА-1). Үш жаңа жүйені (СӘИЖ, SDF, Кеден (АСТАНА-1)) енгізу микросервистік архитектураға көшуге, бизнес-процестерді тиімділігін арттыруға және үлкен деректерді өңдеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.