Биыл Алматы облысында агроөнеркәсіптік кешен саласында 7 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Жобалардың жалпы құны – 44,6 млрд теңге. Жобалар ауыл шаруашылығы өндірісін кеңейтуге, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған. Аталған жобаларды іске асыру агроөнеркәсіптік салаға инвестициялар тартуға, қайта өңдеу өнеркәсібін дамытуға және ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды өңір әкімдігі.