Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

29.09.2026

Жарияланымдар · 23

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Канцлер Фридрих Мерцпен келіссөз жүргізді

22:40Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстан-Германия бизнес форумына қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев және Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстан-Германия бизнес форумында сөз сөйледі. Басқосуға екі елдің іскерлік топ өкілдері қатысты.

22:00Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасының Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

21:11Жаңалықтар

Келіссөз қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті мен Германия Федеративтік Республикасы Президенті Бірлескен декларация қабылдады

21:07Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Мемлекет басшысы Германияға шақырғаны үшін Федералдық Президент Франк-Вальтер Штайнмайерге алғыс айтып, жоғары деңгейдегі қарқынды байланыс екіжақты әріптестіктің стратегиялық және жан-жақты сипат алғанын айқындайтынын жеткізді.

20:26Жаңалықтар

Қазақстан мен ГФР президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Германия Федеративтік Республикасының Қорғаныс министрлігінде Берлинге ресми сапармен келген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты қарсы алу рәсімі өтті.

18:37Жаңалықтар

Мемлекет басшысы D.A.R. Metall AG басқарма төрағасы Кристиан Артнерді қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев D.A.R. Metall AG компаниясымен серіктестікті дамыту және заманауи неміс технологияларын игеру еліміздің өнеркәсіп және экология саласындағы басымдықтарына толық сай келетінін атап өтті. Осыған орай кездесу барысында Қазақстанда металл өңдеу жобасын бірлесе іске асыру перспективасына айрықша мән берілді.

17:37Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Wilo Group компаниялар тобының басқарма төрағасы Оливер Герместі қабылдады

Германияға ресми сапары аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Wilo Group халықаралық технологиялық компаниялар тобының жетекшісі Оливер Гермеспен кездесті.

17:17Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Deutsche Bahn компаниялар тобының басшыларымен кездесті

Мемлекет басшысы Deutsche Bahn компаниясының отандық теміржол секторын жаңғыртуға қосқан үлесін жоғары бағалады. Осы орайда DB Engineering & Consulting еншілес кәсіпорны мен «Қазақстан Темір жолы» ұлттық компаниясының жолаушылар тасымалын дамыту бағытындағы бірлескен жобасын айрықша атап өтті.

17:03Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Rhenus Group басқарма төрағасын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тобиас Бартц көлік-логистика салаларындағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективасын, сондай-ақ бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жайын талқылады.

15:32Жаңалықтар

Ел мектептерінде «Суды үнемде - болашақты сақта!» жобасы белсенді жүзеге асып жатыр

«Адал Азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2026–2027 оқу жылында Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында эко-сағаттарды өткізуді жалғастыру жоспарланған. Жаңа оқу циклі шеңберінде Астана қаласының мектептері базасында елшілер мен халықаралық ұйымдар басшыларының қатысуымен және облыстарды бассейндік қағидат бойынша қоса отырып, 9 эко-сағат өткізу жоспарлануда. Бұл жайында ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышев ОКҚ брифингінде айтты.

15:30Жаңалықтар

Халық арасында суға ұқыпты қарау мәдениеті кеңінен насихатталып жатыр

Су үнемдеу жұмыстары өнеркәсіптік кәсіпорындарды да қамтиды. Су кодексінде өнеркәсіптік кәсіпорындардың 7 жыл ішінде айналымды және қайта сумен жабдықтау жүйелеріне кезең-кезеңімен көшуі жөніндегі міндетті талап көзделген. Бұл шара 2030 жылға қарай суды қайта пайдалану үлесін қазіргі 13,3%-дан 28%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышев ОКҚ брифингінде осылай деді.

15:20Жаңалықтар

Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйінің карталары әзірленді

Су ресурстары министрлігі тұрақты негізде суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг пен бағалау жүргізеді. Жұмыстар шеңберінде жерасты суларының деңгейіне, минералдануына және химиялық құрамына бақылау жүргізу, топырақ-тұз зерттеулерін өткізу, су мен топырақ сынамаларын іріктеу және зертханалық талдау, сондай-ақ суару және коллекторлық-дренаждық желінің жай-күйін бағалау көзделген. ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышевтың ОКҚ брифингінде айтуынша, жұмыстардың қорытындысы бойынша суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйінің карталары әзірленіп, тұздану және су басу қаупіне ұшыраған аумақтар айқындалады, сондай-ақ суару режимдерін түзету және коллекторлық-дренаждық желіні қалпына келтіру жөнінде ұсынымдар әзірленеді.

15:10Жаңалықтар

Жерасты сулары мемлекеттік мониторинг желісінде шамамен 4 мың ұңғыма бар

2040 жылға дейін қолданыстағы ұңғымаларды кезең-кезеңімен қалпына келтіру және қайта бұрғылау, сондай-ақ 1 000-нан астам жаңа ұңғыма бұрғылау көзделуде. Бұл бүкіл ел аумағындағы бақылау пунктілерінің санын 5 000-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышев ОКҚ алаңында осылай деді.

15:00Жаңалықтар

Жер асты суларын іздеу аясында 88 жоба жүзеге аспақ

Еліміздің Су ресурстары және ирригация министрлігі өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларын ескере отырып, су қорларын кезең-кезеңімен зерттеуді, бағалауды және шаруашылық айналымға тартуды қамтамасыз ететін жерасты суларын іздеу және бағалау жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді. Ведомство вице-министрі Талғат Момышевтың ОКҚ алаңында хабарлауынша, 2026 жылдың соңына дейін іздеу-бағалау жұмыстары бойынша 38 жобаны іске асыру жоспарлануда.

14:50Жаңалықтар

Президент Германияның экономикалық қауымдастықтары мен қаржы институттары жетекшілерімен кездесті

Мемлекет басшысының Германия Федеративтік Республикасына ресми сапарының алғашқы күні аталған елдің жетекші іскерлік қауымдастықтары мен қаржы институттарының басшыларымен кездесуден басталды. Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушылармен Германияның қаржысын, тәжірибесі мен тәуекелді басқару тетіктерін Қазақстанның ресурсымен және көлік саласындағы мүмкіндіктерімен ұштастыру мәселесін талқылады.

14:47Жаңалықтар

Жерасты суларын мемлекеттік басқарудың кешенді жүйесі кезең-кезеңімен қалыптастырылуда

Қазіргі уақытта суды үнемдеу және су үнемдеу технологияларына көшу экономиканың барлық салаларында қажеттілікке айналып отыр. Осы бағыттағы алғашқы қадамдардың бірі саланы дамытудың стратегиялық пайымын қалыптастыру болды. Бүгінде басымдықтар, мақсаттар мен негізгі міндеттер Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында бекітілген. Бұны ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышев ОКҚ брифингінде айтты.

14:40Жаңалықтар

Жерасты суын зерттеу және игеру, Қазақстанның су ресурстарына ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру

14:30Фотобанк

Олжас Бектенов 2027 жылғы егіс науқанына дайындық жұмыстарын бастауды тапсырды: диқандар ерте қаржыландырылады

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов аграршыларды қаржыландыруды және 2027 жылғы егіс науқанына дайындық жұмыстарын алдын ала қамтамасыз етуді, сондай-ақ биылғы егінді қабылдау мен өнімді сақтауды ұйымдастыруды тапсырды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы.

12:16Жаңалықтар

Қазақстанда «Ұстазым, ардақты ұстазым!» республикалық акциясы басталды

Мұғалімдер күні қарсаңында ҚР Оқу-ағарту министрлігі ұстаздарға алғыс білдіруге және олардың еңбегін дәріптеуге бағытталған «Ұстазым, ардақты ұстазым!» республикалық акциясын бастайды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

12:04Жаңалықтар