Күн жаңалықтары
29.09.2026
Жарияланымдар · 23
«Handelsblatt» неміс іскерлік басылымына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласы жарияланды
Kazinform агенттігі мақаланың мәтінін жариялады.
Қазақстанда астық жинау 83%-ға аяқталды
Қазақстанда егістік құрылымындағы дәнді дақылдардың үлесі бидай алқаптарының қысқаруы және майлы дақылдардың 5,2 млн гектарға дейін кеңеюіне байланысты 72%-дан 66%-ға дейін төмендеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы.
Қазақстан мен Германия технология алмасу және пилоттық жобаларды дамытуға арналған бірлескен су хабын құру мәселесін пысықтап жатыр
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Хайке Ренате Пайчпен кездесті. Тараптар су саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, Қазақстан-Германия су хабын құру мәселесі қаралды. Бұл – технологиялар алмасуға, цифрлық шешімдерді енгізуге және пилоттық жобаларды дамытуға арналған платформа, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.