Құрметті БАҚ өкілдері!
2020 жылдың 28 ақпан күні 11:00-де Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» конференц-залында (12 қабат) «Ұлттық кеңес: қоғамдық келісімді қайта жандандыру» атты пікірталас клубының отырысы өтеді.
СПИКЕРЛЕР:
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ҰҚСК-нің мүшесі, саясаттанушы Айдос САРЫМ; «Серпін» ұлттық білім беру мен инновация палатасының төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ҰҚСК-нің мүшесі Мұрат ӘБЕНОВ; ҚР Президенті жанындағы ОКҚ директоры, ҚР Президенті жанындағы ҰҚСК мүшесі – Талғат ҚАЛИЕВ.
БАҚ өкілдерін аккредитациялау мен өзге де қызықтыратын сұрақтар бойынша +7 (7172) 55-93-38 телефоны арқылы немесе sck.astana@gmail.com электронды мекенжайы бойынша 2020 жылғы 28 ақпан күні сағат 10:00-ге дейін хабарласуға болады.