Мұндай жағдай осы бағыттағы тәсілдерді жетілдіру және жаңа технологияларды енгізу қажеттілігін көрсетеді.


«Қазіргі уақытта медициналық ұйымдардың қызметіне жаңа диагностикалық құралдар мен алгоритмдерді енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Біріншіден, өзін-өзі диагностикалау. Осы мақсатта Modified Checklist for Autism in Toddlers, Revised (m-CHAT-R) - балаларда аутизмді анықтауға арналған модификацияланған скринингтік тест енгізілуде. Бұл - ата-аналар толтыратын сауалнама. Ол АСБ көріністеріне жоғары сезімталдыққа ие, оның нәтижелері бойынша балада АСБ болу қаупі белгіленеді. Бірақ бұл скринингтік әдіс екенін атап өткеніміз жөн. Сауалнаманы Денсаулық сақтау министрінің «Скринингті ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына және «Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізе отырып, скринингке енгізу жоспарлануда. Қазіргі уақытта АСБ диагностикасының алтын стандарттарын енгізу бойынша іс-шаралар жоспарланған: ADOS-2 (Autism Diagnostic Observation Schedule) және ADI-R (Autism Diagnostic Interview). Бұл әдістеме 2017 жылы ДСДРО медициналық технологияларын бағалаудан өтті және Қазақстанда қолдануға ұсынылды», - деп атап өтті сарапшы.


2019 жылдан бастап амбулаториялық-емханалық ұйымдар деңгейінде БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен МhGAP психикалық денсаулық саласындағы олқылықтарды толтыру бойынша ДДСҰ бағдарламасы енгізілуде. Бұл бағдарлама жалпы практика дәрігерлерін даярлау бағдарламасына енгізілген. Бұл психикалық, мінез-құлық бұзылыстарын, оның ішінде бала кезінде ерте диагностикалау алгоритмдері болып табылады.