Оның айтуынша, ҒЗИ қаржыландыру көлемі алдағы 2 жылға орта есеппен 1 млрд теңгеден 2 еседен артық ұлғайды.


«Материалдық-техникалық жарақтандыруға, атап айтқанда, заманауи жабдықтар сатып алуға 900 млн теңге бөлінді. Биыл төмен температуралы мұздатқыштар, фотометрлер, дистилляторлар, микроскоптар және вакциналардың аталған түрлерін әзірлеуге қажетті басқа да жабдықтар сатып алынады. Сонымен қатар, жақын күндері 2022 жылы электронды микроскоп сатып алуға тапсырыс беріледі. Ол кем дегенде алты ай ішінде жасалады. Микроскоп заманауи операциялық жүйемен жабдықталған, ол 100 мың есе үлкейтуге, көлемдері 12-ден 15 нанометрге дейінгі микроағзалардың көлемі, пішіні, ішкі құрылымы туралы мәліметтер алуға мүмкіндік береді, олардың. Институттағы микроскоп бар болғаны 20 мың есеге ұлғайтады», - деп нақтылады спикер.


Еңбекақы мәселесі де шешілді. Енді ғалымдарға 325 мың теңгеден бастап, ал әкімшілік және қызмет көрсету персоналы 250 мың теңгеге дейін алатын болады.


«Институт жанынан 180 пәтерлік қызметкерлерге арналған үш тұрғын үй салынуда. Жақында ғана республикалық бюджеттен осы пәтерлерге тұрмыстық техника, жиһаз және өзге де жабдықтар сатып алуға 293 млн теңге бөлінді. Ғалымдарымыз, институт қызметкерлері осы пәтерлерге кірген кезде, олар жайлы өмір сүру үшін барлық қажетті заттармен қамтамасыз етіледі», - деп сендірді Құрманғалиева.


Жалпы, БҚПҒЗИ қызметкерлерін қолдау жөніндегі шаралар алдағы уақытта да жалғасатын болады.