Оның айтуынша, пайдаланушылардың жеке деректерінің қауіпсіздігі мақсатында қазіргі уақытта «Ashyq» қосымшасы «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы болып табылатын «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ серверлерінде қорғалған контурда орналасқан.


«Ashyq» мобильді қосымшасы үнемі жаңартылып отырады. 28 сәуірде андроидта «Ashyq» жаңа нұсқасы іске қосылды, онда күзетші режимінде резидент еместерді тіркеуге кіру мүмкіндігі бар. 
«Сонымен қатар, үйден пайдаланушының ағымдағы мәртебесін тексеру үшін ashyq.kz веб-парақшасы жасалды. Көп адамдар өзін тексерді. 20 мыңға жуық адам сайтты пайдаланған, сіздер де көріңіздер. Бірақ біз бір орында тұрмаймыз. Бұл парақшаны толтыру бойынша жұмыс жүргізілуде, онда «Ashyq» мобильдік қосымшасының сипаттамасы бар бөлімдер, жиі қойылатын сұрақтар, техникалық қолдау байланыстары болады, сондай-ақ осы парақшаға сілтеме мобильдік қосымшада қолжетімді болады», - деді А.Тұрысов.


 «Ashyq» туралы қолжетімді ақпаратпен қамтамасыз ету үшін 1414 Бірыңғай байланыс орталығының базасында пайдаланушыларды техникалық қолдаудың «бірінші» желісі құрылды, сондай-ақ бизнес өкілдері үшін «Атамекен» ҰКП 1432 call-орталығы іске қосылды. Сонымен қатар, кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау үшін Telegram мессенджерінде @support_ashyq_bot техникалық қолдау қызметі жұмыс істейді. Бұдан бөлек, қосымша бойынша кіруге болатын объектілер тізбесі әкімдіктердің және «Атамекен» ӨКП сайттарында жарияланды.


«Ashyq» мобильді қосымшасын ЦДИАӨМ теңгеріміне беру бойынша жұмыс жүргізілуде.