Ақтоты Райымқұлова бұл фактіні растады. Оның айтуынша, соңғы 12 жылда мәдениет саласында, әсіресе облыстық мәдениет мекемелерінде, музейлерде, кітапханаларда еңбекақы мөлшері көтерілмеген. 


«Біз осы ұйымдарда жұмыс істейтін қызметкерлерге үлкен ризашылықпен және құрметпен қараймыз, бұл нағыз патриоттар, өз жұмысына үлкен құрметпен және патриоттық сезіммен қарайтын мамандар. 2020 жылғы қаңтарда мәдениет ұйымдарында, республикалық ұйымдардың мұрағаттарында еңбекақы 50%-ға, жергілікті деңгейде 35%-ға артты. Еңбекақыны көтеру жұмыстары жалғасуда. 2020 және 2021 жылдар қиын болды: пандемияға байланысты бюджет қаражатын қайта бағыттауға тура келеді. Күзде республикалық бюджет комиссиясына берген өтініміміз қолдау табады деп сенемін. Негізінде, үкімет мәдениет және архив ұйымдарында барлық санаттағы қызметкерлердің еңбекақысын арттыру жөніндегі бастамаларымызды қолдайды. Күзде тағы бір өсім болады деп ойлаймын», - деп жауап берді министр.


 Сондай-ақ, ол екі Академиялық театрдың және бес ұлттық театрдың жаңа мәртебелері де еңбекақының өсуіне әсер ететінін жеткізді.


Бұдан басқа, МСМ өз қызметкерлерінің тұрғын үй мәселелерін шешу бойынша жұмыс жүргізуде. Меморандумға қол қойылды, ол бойынша мәдениет қайраткерлері мен ұйым қызметкерлерінің басым бөлігіне 2020 жылдан бастап жеңілдікті шарттармен пәтерлер беріле бастады. Бұл қызметкерлерге тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мүмкіндік беретін ең «аялауыш режим».