Институт ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алу арқылы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы өндірушілерін қаржыландырады. Бағдарлама ӘКК кепілдігімен жүзеге асырылады, ауыл шаруашылығы өндірушілерінде сұранысқа ие және өзін ауыл шаруашылығы субъектілеріне несие беру тапшылығы жағдайында қаржыландырудың қолжетімді құралы ретінде көрсетті.
«Ағымдағы жылы қаржыландыру көлемі 40 млрд теңге деңгейінде жоспарланған. Өнімді сатып алудың жоспарланған көлемі - шамамен 770 мың тонна. Салыстыру үшін, 2020 жылы форвардтық сатып алуға 24,5 млрд теңге бөлінді, яғни қаржыландыру 63% - ға артты. Күзгі кезеңде астықты жеткізгеннен кейін қосымша ақыны ескере отырып, астық өндірісіне инвестициялау сомасы шамамен 60 млрд теңгені құрайды», - деп атап өтті спикер.
Айта кетейік, биыл Корпорация сатып алынатын дақылдар тізімін кеңейтті, енді олардың саны 9: жұмсақ бидай, қатты бидай, арпа, күнбағыс, рапс, зығыр, қарақұмық, сұлы, соя.
Форвардтық сатып алу меншікті және тартылған қаражат есебінен жүзеге асырылады. Осы мақсаттар үшін Азық-түлік корпорациясы Ресей биржасында 2,4 млрд рубль (шамамен 14 млрд теңге) сомаға облигациялар орналастырды.
Азық-түлік корпорациясы сыйақы төлей отырып қаражат тартқанына қарамастан, ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау мақсатында форвардтық қаржыландыру ӘКК кепілдігімен пайызсыз жүзеге асырылады.
2021 жылғы 28 мамырдағы жағдай бойынша 39 млрд теңге сомасына 300-ден астам өтінім келіп түсті, ауыл шаруашылығы өндірушілерінің шоттарына 38 млрд теңге аударылды. Сатып алынған көлемдер әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру үшін шикізат түрінде ішкі нарыққа бағытталатын болады.
2020 жылы форвардтық сатып алуға 24,5 млрд теңге бөлінді, астықпен қайтару 93,6%. Биыл да ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері Азық-түлік корпорациясы алдындағы міндеттемелерін орындайды деп күтілуде.