Оның айтуынша, үкіметті, мемлекеттік органдарды, әкімдіктерді тиімсіз, нәтижесіз бағдарламалар, түрлі жол карталары үшін жиі сынайды. Мақсаттар дұрыс болып көрінеді, бәрі жақсы жазылған, бірақ менеджерлер өзгеріп, мақсаттар қайта қаралады. Және бұл жылдар бойы жалғасуы мүмкін.


«Жобалық менеджмент, ең алдымен, процесс емес, нәтижеге бағытталған. Еңбек өнімділігіне қол жеткізуге немесе сонша мектеп, аурухана, жол, өндіріс көлемі, инвестиция салуға тиіс, яғни кез келген салада, кез келген өңірде  кез келген ауқымда да қолдануға болады. Негізінде жеке жауапкершілік жатыр, біз айтқан барлық ережелер бар», – деп түсіндірді спикер.


Сонымен қатар, нақты мақсаттар мен индикаторлар, жұмыс ырғағы бар.

«Жобалық менеджменттің заманауи құралдары "Эджаил"стилінде жұмыс істеуді талап етеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы президенттік жастар кадр резервімен болған кездесуде айтты және бұл жұмыс әріптестік нәтижесі қандай да бір бюрократиялық нәрселерден маңыздырақ екенін білдіреді. Бюрократияның минимумы, өзара әрекеттесудің максимумы, ынтымақтастық. Осы жылы біз байқауға барлығына есік ашамыз. Біздің жастарға сөз арнаймын, біз университеттер осы байқауға қосылып, өз жобаларын осында шығарады деп күтеміз. Бұл біздің студенттерге, болашақ мемлекеттік қызметшілерге, немесе кәсіпкерлерге, немесе әлеуметтік кәсіпкерлерге өз құқықтарын тиімді іске асыруға, практикалық кепілді жетістіктерге Кәсіби қол жеткізуге мүмкіндік береді», – деп сенім білдірді спикер.