Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, бұл жобаны Жамбыл облысының әкімдігі жүзеге асыруда. Әкімдік пен жабдықты орнататын компания арасындағы қарым-қатынас тікелей. Жабдықтың валидациясы өтетін кезде денсаулық сақтау министрлігіне уәкілетті ұйым - Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы жабдықты тексеріп, валидациялауы үшін сұрау жіберіледі. Бұдан әрі GMP стандарттарына сәйкестікке ұсынылатын болады. Ол үшін Денсаулық сақтау министрлігінен арнайы комиссия барады, ол аталған алаңның GMP стандарттары бойынша жұмысқа дайындығын бағалайды. 


Ол сондай-ақ әрбір мемлекеттік орган өкілеттіктерінің аражігі нақты ажыратылғанын жеткізді. Денсаулық сақтау министрлігі - бұл қызметтерді тұтынушы дайын вакцинаны алады. Вакцинаның «иесі» бар - бұл оны жасаған Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты. Ол Білім министрлігіне жатады. Қазір салынып жатқан зауыт бар. Бірақ бұл халықаралық мәртебесі бар өршіл жобаға әкімдік пен БҒМ ғана жауап береді деген сөз емес. Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметінде журналистің сұрақтарына берген жауабында зауыт құрылысы мен оны пайдалануға беру ерекше бақылауда екенін айтты. 


«Барлық мемлекеттік органдар, соның ішінде Денсаулық сақтау министрлігі, Сыртқы істер, Білім министрліктері жұмылдырылған ведомствоаралық жұмыс тобы бар. Қазір барлық мемлекеттік органдар бұл зауыттың іске қосылуына көмектесіп жатыр. Логистикалық, шетелден белгілі бір жабдықты жеткізу проблемалары бар - барлық министрліктер бұл зауытты іске қосуға көмектеседі. Себебі мұндай қысқа мерзімде зауытты іске қосу - бұрын-соңды болмаған жайт, негізінен зауыттар 2-3 жыл салынады. Әрбір кезеңде зауыттың барлық проблемаларын ведомствоаралық комиссияның отырысында қарастырамыз. Егер өнімді, шығын материалдарын, аккредитацияны, құрылыс материалдарын жеткізуге қатысты қиындықтар болса, барлық министрліктер көмектеседі. Ол біз үшін басымдыққа ие», - деді министр. 


Айта кетейік, алдағы уақытта зауыт Білім және ғылым министрлігінің Биологиялық қауіпсіздік мәселелері институтының теңгеріміне беріледі.