«Тәртіп бұзушыларға 15,4 млн теңге айыппұл салынды. Заңсыз айналымнан 31 тонна балық, 851 аулау құралы, 68 жүзу құралы және 21 көлік құралы тәркіленді. Келтірілген залал үшін шамамен 13,0 млн теңге талап - арыз берілді. «Уылдырық шашу» балық қорғау акциясы барысында 683 әкімшілік хаттама толтырылып, 11 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды, 361 тыйым салынған аулау құралы, сондай-ақ 7 тоннадан астам балық тәркіленді. Сонымен қатар, биылғы жылдың 1 наурыз бен 31 мамыр аралығында балық шаруашылығы су айдындарын тасталған балық аулау желілерінен тазарту және жағалаудағы аумақтарды жинау мақсатында «Таза су айдындары» табиғатты қорғау акциясы өткізілді. Республика бойынша күнделікті іс - шаралар өткізу нәтижесінде су қоймаларынан 216 км астам иесіз желілер алынды, полигондарға 400 тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды»,- деді шенеунік. 


Сонымен қатар, жыл сайын жас балықтардың жасанды өсімін молайту және су қоймаларын балықтандыру бойынша шаралар жүзеге асырылады. Мемлекеттік тапсырыс аясында жыл басынан бері балық шаруашылығы су қоймаларына 45 млн дана шабақ өсіріліп, жіберілді, жыл соңына дейін тағы 29 млн дана шабақ, оның ішінде 7 млн дана бекіре тұқымдас балық түрін шығару жоспарлануда.


«Сонымен қатар, даму жоспарлары аясында 2020 жылы су қоймаларына 125,8 млн дана құнды балық шабақтары жіберілді. Бұдан басқа, балықтардың мекендеуі мен уылдырық шашуы үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында 2018 жылдан бастап 2020 жылға дейін Жайық және Қиғаш өзендерінде балық жүретін каналдарда түбін тереңдету жұмыстары жүргізілді. Осының есебінен балық аулау 30%-ға ұлғайды. Аталған жұмыстарды жалғастыру пысықталуда, тиісті жобалық-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан өтуде»,- деді Жүнісов.