QR-кодпен, мысалы, жер учаскелеріне актілерді дайындау және беру, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, кондоминиум объектісін және жер қатынастары, жылжымайтын және жылжымалы мүлік, сондай-ақ заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу саласындағы басқа да мемлекеттік қызметтер үшін төлеуге болады. 


«Кері байланыс жүйесі мемлекеттік баждарды төлеу бойынша проблемалар бар екенін көрсетті. Атап айтқанда, кассадағы кезектер мен банктердің комиссияларының көп болуы. Бұл мәселені шешу үшін Kaspi.kz және Halyk Bank-пен бірлесіп мемлекеттік баж салығын QR-мен төлеу қызмет іске қосылды. Халықты құжаттандыру қызметтерін қоспағанда, баждардың барлық түрлеріне тікелей сізге қызмет көрсететін ХҚКО операторынан төлей аласыз. Бұл жоба азаматтарды банк кассаларында кезек күтуден сақтайды, сондай-ақ транзакция үшін 600 теңгеге дейінгі комиссияларды болдырмайды. Азаматтар 817 млн теңге сомасына 200 мыңнан астам төлем жасады. Тек маусым айында ғана төлем сомасы 252 млн теңгеден асты», - деп атап өтті спикер.  


Қандай да бір қызметке тапсырыс беру кезінде клиент менеджерден төлем жасау үшін QR қалыптастыруды сұрап, бір минут ішінде смартфонның көмегімен төлем жасай алады. QR-код әрбір қызмет бойынша және әрбір клиент үшін жеке қалыптастырылады. 


Қандай да бір себептермен QR-төлемді пайдалана алмайтын клиенттер үшін банктермен бірлесіп ХҚКО операторларында POS терминалдар орнату мәселесі пысықталуда.