«Жылжымайтын мүлікті рәсімдеу тұрғысынан адамдар ипотеканы рәсімдеу үшін банктерге, ХҚКО мен нотариустарға бірнеше рет баруға мәжбүр. Орта есеппен, 5 жұмыс күнінен артық уақыт жұмсауыңыз керек. Біз банктер үшін арнайы цифрлық инфрақұрылым жасадық. Freedom finance-пен бірлесіп, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап Blockchain технологиясын пайдалана отырып және нотариусқа бір рет бару арқылы цифрлық ипотеканы небәрі бір күнде ресімдеу жөніндегі жоба іске қосылды. Тамыз айында құрылыс салушыдан тұрғын үй сатып алу процесін құқықты тіркеуден бастап кепілден алуды тіркеуге дейін толық цифрландыру жоспарлануда», - деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Сүйеніш Әбділдин. 


Жедел тәртіпте жылжымайтын мүлікке, мысалы, жаңадан сатып алынған мүлікке құқықтарды тіркеуге болады. ХҚКО арқылы құжаттарды тапсыру бір күнге дейін қысқартылды. Ал электронды нотариаттың ақпараттық жүйесі арқылы бір сағаттың ішінде рәсімдеуге болады. Қазір бұл мәселе пысықталуда. 


«Халық арасында жылжымайтын мүлік объектілерінің электрондық техникалық паспортына сұраныстың болуына байланысты, мемлекеттік корпорация 2020 жылғы 14 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының бүкіл аумағындағы пәтерлерге, жатақханадағы бөлмеге, жеке гараждарға және саяжай құрылыстарына электрондық техникалық паспорт берді. Қызмет іске қосылған күннен бастап 8 мыңға жуық электрондық техпаспорт әзірленді. Бұдан басқа, мемлекеттік корпорация аталған қызметті мүліктік кешендер, көппәтерлі және жеке тұрғын үйлер, тұрғын емес және басқа да жылжымайтын мүлік объектілері сияқты үлкен жылжымайтын мүлік объектілеріне кеңейту мәселесін пысықтауда. Іске асыру мерзімі - 2021 жылғы желтоқсанға дейін», - деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ басқарма төрағасының орынбасары Сержан Жұмабеков. 


Күзге қарай коммуналдық қызметтермен келісімшартқа отыру барысы да автоматтандырмақ. Мысалы, пәтердің жаңа иесі қалалық су арнасына, электрмен жабдықтау мекемесіне және басқа кәсіпорындарға барудың қажеті жоқ. Елордада IQala жүйесі мемлекеттік деректер қорымен интеграциялануда. 


2021 жылдың 6 айында мемлекеттік корпорация барлығы 1 755 907 мемлекеттік қызмет көрсетті. Оның ішінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу желісі бойынша – 1 236 606 қызмет; Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу бойынша – 9780 қызмет; фронт офистер арқылы техникалық паспорт дайындау бойынша - 206 175 қызмет.