«Василий Левит екінші раундта испан боксшысынан соққы жіберіп алып, нокдаун алды. Рингтегі төреші ойынды тоқтатты. Менің бақылауымша, бірінші соққы жасалған кезде-ақ нокдаун санау керек еді. Бірақ төреші бұл сәтті жіберіп алды, сондықтан спортшының тағы бір соққы жасауына мүмкіндік берді. Бұл жерде ең алдымен рингтегі судьяны кінәлаймын. Оның үстіне, Василий Левит қарсыласына өте жақын келіп қалды, ал ол осал емес спортшы, өте мықты боксшы. Сондықтан Василий Левиттің еш кінәлауға болмайды, ол барынша өнерін көрсетті, бірақ жеңіліс тапты. Оған еңсесін түсірмей, келесі жарыстарға дайындалуына кеңес беремін», - деді Е.Ибраимов.  


Оның пікірінше, Абылайхан Жүсіпов өзіне жүктелген жауапкершілікті орындай алмады.  


«Пандемия әсерінен Олимпиада ойындарын бір жыл бойы күттік, бұл психологиялық тұрғыдан өте ауыр. Оның үстіне 69 келі салмақ – «қазақтың» салмағы болып саналады, бұл жерде бірінші орын алу парыз сияқты, Абылайхан – жас боксшы, меніңше, ол бұл жауапкершілікті орындай алмады. Кездесуді өте сылбыр өткізді. Қолмен соққы жасау, қашықтықты сезіну деген мүлдем болмады. Тек төбелесе берді, сөйтіп, америкалық боксшыдан жеңіліп қалды. Басты себеп – үлкен жауапкершілікті көтере алмады», - деді АИБА Халықаралық Федерациясы комиссиясының мүшесі.  


Ал ресейлік былғары қолғап шеберімен жұдырықтасқан Бекзат Нұрдәулетов оны өз Отанында жеңгенімен, бұл жолы одан жеңіліс тапты.  


«Хатаевтың бойы әлдеқайда төмен, оны қашықтан тұрып, ұрып тастауға болатын еді. Бекзат Олимпиадада психологиялық тұрғыдан өзін-өзі ұстай алмай, жеңіліске ұшырады. Өкінішті. Бірақ әлі де төрт қазақстандық боксшы өнер көрсетеді. Олимпиада ойындарында ең мықты өнер көрсеткен кезде де 2 алтын, 2 күміс медаль алғанбыз. Сондықтан осы төртеуіне сенім артып отырмыз, 4 медаль болсын, 3 медаль болсын, Қазақстан боксшылары алтын, күміс медаль әкеледі дегенге сеніміміз мол», - деді спикер спортшыларға сәттілік тілей отырып.