«Олимпиадада төрешілік барынша объективті жүргізіледі. Төрешілер өз бұрыштарынан қандай да бір соққыларды, әрекеттерді байқамайтын сәттер болады, бірақ егер спортшы сенімді жеңіске жетсе, онда ешқандай сұрақ туындамауы керек. Менің ойымша, мұнда төрешілік барынша объективті жүргізіледі. Біздің жігіттер соңына дейін күреспеді. Иә, раундты бірінің немесе басқасының пайдасына шешуге болатын сәттер болды, бірақ тұтастай алғанда, кездесулерді көрсеңіз, бұл тең жекпе-жектер болды, демек, қарсыластың жолы болды. Ал егер біздің спортшы бұл жекпе-жекте айқын басымдықпен жеңіске жетсе, онда 100% жеңіске жетер еді», - деп жауап берді Сапиев.

 
Ал Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Мықтыбек Маратбек пандемия, оқшаулауда өткізілген уақыт және жарысты ұзақ уақыт күту өз әсерін тигізді деп есептейді. 

«Олимпиадалық жарыстарды боксшыларымыз сәтсіз бастады. Олардың дайындалуы үшін материалдық жағынан, жабдық жағынан бәрі жасалды. Өкінішке орай, пандемия өз әсерін тигізуде. Спортшылар үйқамақта отырды, жабық базаларда дайындалды. Бұл да өз әсерін тигізуде. Шетелдерге шыққанда жарысқа дейін 4-5 күн карантинде отырған кездер болды. Сынай беруге де болмайды. Әлі де болса, екінші топ спортшыларымыз өнер көрсетеді, солардан жақсы нәтижелер күтеміз», - деді спортшы.