«Баршаңызды атлеттеріміздің табысты өнер көрсетуімен құттықтағым келеді. Олар барлық үмітті ақтады. Токиоға ұшар алдында біз конференция өткіздік. Психологиялық көзқарас туралы көп айтылды, бұл осындай деңгейдегі жарыстарда өте маңызды. Біздің ауыр атлеттеріміз жеңіске жетіп, төрешілер мен тәсілдерге қарамастан, шыдамдылық танытты. Бұл тұрғыда Игорьға өте риза болдық, ол жігерін түсірмеді. Қойылған міндеттер мен салмақ бойынша талаптарды біздің спортшылар жеңе білді. Сондықтан спортшыларымыздың өнерін оң бағалаймын. Олар қажетті медальдарды Қазақстан құрамасының қоржынына салды», - деді спикер.


Айта кету керек, федерация өкілі алдағы Франциядағы олимпиадаға лайықты жастар өсіп келе жатқанына сенімді. Ол ықтимал фавориттер туралы айтты.


«Ауыр атлетшілердің жас буыны өсіп келеді. Біздің жасөспірімдер тұрақты табысты нәтижелер көрсетуде. Ташкентте өткен соңғы әлем чемпионатын атап өту жеткілікті. Біз жіберген 7 спортшының алтауы медальмен оралды, оның үшеуі алтын алды. Олар Рахат Бекболат, Абылай Әуелхан, Самал Сансызбай. Сондықтан лайықты бәсекелестік бар, болашақта олар 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарында ел намысын қорғауы керек. Бізде оған лайықты ұрпақ өсіп келеді», - дейді сарапшы.