Оның айтуынша, ағымдағы жылы ШОБ-ты жеңілдікті несиелеу жалғасуда.  

«БЖК-2025»-тегі қолдаудың негізгі қаржы құралдары проценттік мөлшерлемені субсидиялау және кәсіпкерлердің кредиттеріне кепілдік беру, мемлекеттік гранттар беру, сондай-ақ бизнес жобаларына жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды жеткізу болып табылады. «БЖК-2025» бағдарламасы шеңберіндегі жеңілдікті кредиттеу жылдық 6% мөлшерлемемен, 5 жыл мерзімге беріледі, кредит сомасы 7 млрд теңгеге дейін, салалық шектеу жоқ. 6% жеңілдікті мөлшерлеме бұрын - соңды болмаған мөлшерлеме инфляцияның ағымдағы деңгейінен және Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесінен айтарлықтай төмен екенін атап өткім келеді. Сонымен қатар, 2019 жылдан бастап «БЖК-2025» бағдарламасы аясында басым жобаларға несие беру тетігі енгізілді. Көпшілік үшін бұл «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы ретінде белгілі. Бағдарлама халық тұтынатын тауарларды қолдауға бағытталған. ҚЗЭ жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың қуатын жүктеуге, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және олардың халық үшін қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті спикер. 


Айта кетейік, ҚЗЭ бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлерге 6% мөлшерлеме бойынша жеңілдікпен кредит беру ұсынылады, кредит сомасы шектелмейді, ал субсидиялау мерзімі 10 жыл. Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ) бойынша кредиттеудегі басым жобаларды іріктеудің негізгі критерийі тауарлар тізбесі болып табылады. 
Экономиканың зардап шеккен салаларындағы кәсіпкерлерді қолдау үшін ШОК кредиттерін қайта қаржыландыру жүзеге асырылады. Осы мақсатта бюджеттен 18,4 млрд теңге бөлінді.