Оның айтуынша, бірінші кезекте сыбайлас жемқорлық тәуекелдері азаяды және отандық ғылымды дамытуға жаңа мүмкіндіктер туады. 


«Соңғы бірнеше жылда БҒМ Ғылым комитеті Ұлттық ғылыми кеңестердің қызметін жақсарту, олардың ашықтығы жағынан үлкен жұмыс жүргізді. Қазір шағымдар жоқ деуге болады. Сонымен қатар, «Ғылым туралы» заңда да кемшіліктер бар. Мысалы, ҰҒК шешімдерін уәкілетті орган, салалық ведомстволар орындауға міндетті болып табылады, бірақ бұл ретте ҰҒК мүшелерінің қабылданған негізсіз шешімдер үшін жауапкершілігі жазылмаған. Вқтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері үшін жауапкершілік жазылмаған. Мемлекет басшысы гранттық қаржыландыру және нысаналы қаржыландыру бағдарламаларының мерзімін бес жылға және одан артық уақытқа дейін арттыруды тапсыруына байланысты ҰҒК қабылдаған шешімдердің апелляция институтын құру аса өзекті болып табылады. Мысалы, мерзімдер артып, кеңес мүшелері негізсіз шешімдер қабылдауға «ниетті болады». Олардың негізсіз шешімдеріне байланысты бес жыл ішінде қаржыландыруға лайықсыз кейбір жобалар қаржыландырылуы мүмкін. Осыған байланысты бұл институтты енгізу өте қажет. Сондай-ақ, бұл ҰҒК мүшелерінің дұрыс шешімдер қабылдау бойынша жауапкершілігіне ықпал етеді», - деп атап өтті спикер.