Оның мәліметінше, жыл сайын 500-ге жуық түлек теолог дипломын алады. Осы жастармен жұмыстар жүргізілу үшін комитет жанынан «YZ CLUB» диалог алаңы ашылды.  


«YZ CLUB» диалог алаңында жас мамандар сыни пікірлерін, қосымша пікірлерін жеткізеді. Қазіргі кезде бір кездесу өтті. Сонымен қатар, Instagram, Facebook парақшаларында да жұмыс істеп жатырмыз. Комитет халықпен тұрақты кері байланыс орнату мақсатында «Халыққа қызмет – маңызды міндет» жобасын қолға алды. Онда қандай да болмасын сұрақтарға жауап алуға болады», - деді Нүкежанов.  


АҚДМ өкілінің айтуынша, еліміздегі діни ахуал тұрақты. Барлық мәселелер жұмыс барысында шешіледі.  


«Ең бастысы ақпарат саласына көп көңіл бөлу керек. Ақпаратты саналы түрде талғаммен таңдау керек, әртүрлі ой қалыптастыратын сайттарды қараған дұрыс. Әлеуметтік желілер болсын. Мысалы, «Қазислам» деген сайттан ислам, теология жағынан қажет ақпаратты алуға болады», - деді комитет төрағасы.  


Сонымен қатар, ол зайырлық қағидатын дәріптеу, түсіндіру асында мұғалімдерге арналған «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәні бойынша оқу-әдістемелік ұсынымдардың жобасы әзірленіп, БҒМ келісуге жолданғанын атап өтті.