Оның айтуынша, әрбір кәсіпорын ірі тапсырыс берушілерде аккредиттеу процестері шеңберінде жеке сүйемелденді, олар үшін маркетинг, сертификаттау, аккредиттеу және сапаны арттыру бойынша тренингтер өткізілді. 

«Бүгінгі таңда 43 кәсіпорын шетелдік кәсіпорындармен қатар КПО, ТШО, НКОК, АрселорМиттал Теміртау, Қазмырыш, Қазақмыс, Қазминералс және т. б. тапсырыс берушілердің дерекқорларында аккредиттелген өнім берушілер мәртебесін алды. Сонымен қатар, 28 кәсіпорынға 123 млн теңгеге сертификаттауға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша қаржылық қолдау көрсетілді. Мысалы, Жеткізушілерді дамыту қызметі жобасы аясында полиэтилен және полипропилен құбырларының өндірушісі «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясына» америкалық мұнай және газ институтының халықаралық қайта сертификаттауын алу бойынша шығындар өтелді. Жұмысымыздың тағы бір басты бағыты – өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын тікелей қолдау. QazIndustry өнеркәсіп кәсіпорындарының еңбек өнімділігін арттыруды ынталандыруға бағытталған қолдау шараларын ұсыну бойынша Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің операторы болып табылады. Жоғарыда аталған шығындардың бір бөлігін өтеу түріндегі мемлекеттік ынталандыру шаралары отандық бизнеске шетелдік мамандарды тартуға, өз қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға, шеф-монтаж жүргізуге, жабдықты іске қосуға, басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізуге, аудит жүргізуге, өнімді сертификаттауға мүмкіндік береді. Кәсіпорындарға жұмсалған шығындардың 40% - на дейін өтеледі», - деді спикер. 


Өтінімдер www.qazindustry.gov.kz сайтында жыл бойы қабылданады. Жыл басынан бері жалпы сомасы 250 млн теңгеден асатын 56 өтінім бойынша шығындар өтелді. Жобалардың басым бөлігі Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында. Салалар бойынша машина жасау және жеңіл өнеркәсіп жобалары көш бастап тұр. 


QazIndustry сондай-ақ отандық өнеркәсіпті цифрлық трансформациялауға жәрдемдеседі. Бұл жұмыс шеңберінде процестер, технологиялар мен жабдықтарды қоса алғанда, кәсіпорындардың негізгі проблемалары талданады, цифрлық стратегиялар әзірленеді. 


«Бүгінде төрт кәсіпорын бойынша өндірістік бизнес-процестердің карталары дайындалды, бұл кәсіпорындардың уақыт және еңбек ресурстарын оңтайландыруға және қысқартуға мүмкіндік береді. Кәсіпорындарды цифрлық шешімдерді қолданыстағы шаралар арқылы, оның ішінде өнеркәсіптік саясат туралы заң жобасы шеңберінде көзделген жаңаларын енгізу жолымен енгізуді ынталандыратын боламыз. QazIndustry отандық кәсіпорындардың тиімділігін арттыруға бағытталған өз бағдарламаларын жүзеге асыруды одан әрі жалғастыруға ниетті», - деп мәлімдеді акционерлік қоғам басшысы.