«Тұтыну өндірісті ұлғайтқаннан гөрі жылдам қарқынмен өсті. Өткен жылдармен салыстырғанда зауыттардың өнімділігінің артуы арқасында қорлардың жеткілікті деңгейін жинақтап, тұрақты қалдықтары бар Павлодар МӨЗ-ін күрделі жөндеуді бастай аламыз деп болжадық. Павлодар МӨЗ-нің тоқтауы республика бойынша дизель отынының теңгеріміне әсер етеді. Ресей Федерациясынан шамамен 100 мың дизель отынын импорттау қажет екенін көріп отырмыз. Мәскеуде Ресейдің энергетика министрлігіндегі әріптестермен келіссөздер жүргізіліп, Қазақстанға дизель отынын жеткізуді қамтамасыз ету бойынша қолдау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Қазір компаниялар коммерциялық келіссөздер жүргізуде. Жергілікті жерлерде ЖМҚС желілеріне импорт қажеттілігі туралы сигналдардың жіберілгенін ескере отырып, импорттың жанданғанын көріп отырмыз. Егер қыркүйектің 20 күнінде барлығы 5 мың тонна дизель отыны импортталса, 21 қыркүйектен бастап бір апта ішінде импорт шамамен 15 мың тоннаны құрады. Бұл импорттың одан әрі артып отырғаны байқалуда», - деді вице-министр.