Вице-министр Әсет Мағауовтың айтуынша, дизель отыны нарығында қызықты жағдай қалыптасқан. Бағаның өсуіне қатысты шектеу шараларына байланысты өңдеуге берушілер көтерме бағаны ұстап тұрған. Іс жүзінде екі баға болды: «ҚазМұнайГаз», PetroSun, Petroleum Operating - бағасы тоннасына 190–200 мың теңге. Шамамен маусымнан бастап басқа өңдеуге берушілер дизель отынын тоннасына 240 000 теңгеден сата бастады, яғни айтарлықтай айырмашылықпен. 


«Айта кететін тағы бір жайт, біз өңдеуге берушілерге ауыл шаруашылығы, ҚТЖ қажеттіліктеріне дизель отынын жеткізу бойынша міндеттемелер жүктейміз. Күзгі дала жұмыстарының жоспары бекітілді, ол бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің атына шамамен 390 мың тонна дизель отыны жеткізіліп, қосымша 30 мың тонна шөп шабуға жеткізілуі тиіс. Тиісінше, олардың ресурстық әлеуеті айтарлықтай шектеулі. Іс жүзінде барлық шағын жанар-жағармай құю бекеттері басқа да өңдеуге берушілерден сатып алудан бас тарта бастады және сатып алуды үнемдеу үшін өңдеуге берушілерден үлестіру туралы өтініштер жаза бастады. Күзгі дала жұмыстары кезінде өтінімдер көбейіп, көлем азая бастағанын ескере отырып, сәйкесінше өтінімдерді қанағаттандырудың пайыздық қатынасында үлестіру төмендеп, шағымдар саны артты. Бұл мәселені биржалық сауданы жандандыру шешеді деп ойлаймыз. Көктемде бензинмен биржалық сауда бастадық, осы айда керосинмен, Павлодар мұнай-химия зауыты жөндеуден шыққаннан кейін, ұсақ жанар-жағармай құю бекеттерінің иелері ресурстарға қолжеткізіп, ірі жанармай құю бекеттерін ғана емес, басқа да өңдеуге берушілерді биржалық саудаға шығаруға міндеттеу үшін дизель отынымен биржалық сауданы жоспарлап отырмыз», - деп жауап берді спикер.