Оның айтуынша, бірінші компонентпен 300 мыңға жуық адам егілді, бұл вакцинациялауға жататын халық санының 69,1%, 250 мыңнан астам адам екінші компонент алды, яғни 61,4%. Бұл жұмыс Жергілікті атқарушы органдардың тұрақты бақылауында. Соңғы айда егу пункттерінің саны 5 есеге артты. 8 зертхана резервтік қуаттылықты тәулігіне 7 мың ПТР-тестке дейін арттыруға дайын. 

«Медициналық ұйымдарды КВИ емдеу үшін қымбат препараттармен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі тұрақты бақылауда. Облыста сұранысқа ие 2 айлық дәрілік заттардың азаймайтын қоры құрылды және ол үнемі толықтырылып отырады. Пандемия басталғаннан бері облысқа 1 млрд теңгеге жуық 85 дәрілік зат тиелді. Сондай-ақ, жергілікті бюджет есебінен стационарлық деңгейде КВИ емдеуге арналған препараттардың жеке резерві құрылды, инфекциялық бөлімшелердегі науқастар арасында сұранысқа ие аса қажетті бактерияға қарсы препараттар, антикоагулянттар, препараттар сатып алынды. Емханалар арқылы халықты қызуды түсіретін және антикоагулянттардың бес атауы бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүргізілуде. Тұрақтандыру қорында осы қажеттіліктерге қосымша 500 млн теңге қарастырылған. Дәріханаларда вирустық ауруларды емдеуге қажетті барлық дәрі-дәрмек бар», - деді спикер.  


Айта кетейік, облыста 252 дәріхана бар. Олармен меморандум жасалды. «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, барынша сұранысқа ие дәрілік заттарды есепке алудың бірыңғай базасы құрылды, тұрақты мониторинг жүргізілуде. Сонымен қатар, барлық медицина қызметкерлері жеке қорғаумен қамтамасыз етілген.