Оның айтуынша, коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациямен қамту бойынша Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстары, Алматы және Шымкент қалалары көш бастап тұр.  


Сонымен қатар, тұмау және ЖРВИ бойынша эпидемиологиялық маусымның басталуына байланысты денсаулық сақтау министрлігі сырқаттанушылық пен халықты вакцинациялауға мониторинг жүргізуде.  


«Республикада 1 қыркүйектен бастап ЖРВИ-дің 850 жағдайы тіркелді, тұмау анықталған жоқ. Бүгінгі күні тұмауға қарсы 694 710 адам егілді, оның ішінде 684 051 – тегін, 9 370 - жұмыс берушілер есебінен және 1 289 - ақылы негізде. Халықты екпемен қамтудың ең көп пайызы Түркістан, Павлодар, Қарағанды облыстарында және Шымкент қаласында байқалады. Вакцинация жалғасуда, вакцина жеткілікті мөлшерде бар. Шамамен 2,5 млн доза сатып алынды. Коронавирус инфекциясы мен жедел респираторлық вирустық инфекцияның клиникасы ұқсас. Алдағы тұмау мен ЖРВИ эпидемиялық маусымын ескере отырып, уақытылы медициналық көмекке жүгіну қажет», - деп атап өтті ведомство басшысы. 


Алексей Цой коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы, сондай-ақ әрқайсымыздың және жақындарымыздың денсаулығы біздің қолымызда екенін еске салды. Сондықтан бәріміз қарапайым алдын-алу шараларын сақтауымыз керек, ауру жұқтырмау үшін уақтылы егіліп, оны басқаларға жұқтырмау үшін әрекет етуіміз керек.