Бұл ретте, шағымдармен жүгінген тұтынушылардың саны тұтынушылардың құқықтарын сақтаудың нақты жай-күйін толық көрсетпейтінін түсіну керек. Өйткені белгілі бір себептерге байланысты мемлекеттік органдарға жүгінбейтін тұтынушылар бар. Егер сегіз айды мысалға алатын болсақ, «жедел желіге» келіп түскен шағымдардың 47% ТКШ саласына, 5% - әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын көтеру бойынша болған. Комитет үйлестіруші рөлді жүзеге асыратын уәкілетті орган ретінде жоғарыда көрсетілген мәселелерді реттеу мен бақылау құзыретіне жататын органдармен тиісті жұмыс жүргізеді.  


«Мысалы, жанар-жағар май бағасының өсуі энергетика министрлігінің құзыретіне, ТКШ саласындағы жоғары тариф - бұл ИИДМ тиісті комитетінің құзыретіне, ипотекалық несиелер тұтынушыларының құқықтарын қорғау, үлескерлер қаржы бақылау агенттігінің құзыретіне жататыны ешкімге құпия емес. Осы проблемаларды зерттеу мақсатында 2020 жылы халық арасында әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Біздің тапсырысымыз бойынша мемлекеттік сатып алуды жеңіп алған фирма еліміздің барлық өңірлерінде сауалнама жүргізді, жұмыстағы белгілі бір кемшіліктерді анықтады. Сондықтан, осының барлығын талдай келе, жаңа заң жобасында біз заңнаманың негізгі қағидаттарын таратуды ұсынып (олар біз реттейтін сала болмағандықтан жазылмаған), заңға енгізуді жоспарлап отырмыз. Атап айтқанда, бұл көлік, медициналық, туристік қызмет көрсету саласы. Сондай-ақ, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерін қозғайтын әртүрлі НҚА-ны дәл осы тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті органмен, яғни бізбен міндетті келісу нормаларын қоспақпыз. Бұл тұтынушыларға қатысты қандай да бір проблемаларға заңнамалық деңгейде ден қоюға мүмкіндік береді», - деп түсіндірді спикер.